Шартарап

АҚШ барлау қызметі Байденді ұлықтау рәсіміне қандай қауіп төнуі мүмкін екенін айтты

  • https://rus.azattyq.org/

    https://rus.azattyq.org/

АҚШ барлау қызметкерлері Джо Байденді ұлықтау рәсіміне ықтимал қауіп көздерін атады. Бұл туралы New York Times газетіне сілтеме жасап РИА Новости хабарлады. 

 

Америкалық барлау қызметі қарулы топтар мен экстремистік нәсілшілдердің тарапынан төнетін қауіпке алаңдаушылық білдіріп отыр.

 

Сондай-ақ, барлау қызметі 6 қаңтарда Капитолиде болған тәртіпсіздіктер «инаугурацияға бағытталған қарулы жасақтар мен экстремистік нәсілшілдер үшін зорлық-зомбылықтың маңызды қозғаушы күші болады» деп ескертті.

 

Бұған дейін АҚШ Ұлттық гвардиясы Байденді ұлықтау алдында шабуылдаушылардың қолдан жасалған жарылғыш құрылғыларды пайдалану мүмкіндігіне дайындалған болатын.

 

Тәртіп сақшылары өткен аптада тәртіпсіздіктер кезіндегідей жарылғыш заттардың қойылуы тағы қайталануы мүмкін деп есептейді.

 

Сондай-ақ, ұлттық гвардияшыларға наразылық білдірушілер жақсы қарулануы мүмкін екендігі туралы ақпарат берілді.

 

Осыған байланысты армия министрі Райан Маккарти Капитолиді күзететін ұлттық гвардияшыларға адам өлтіретін қару алып жүруге рұқсат берді.

 

 

 

turkystan.kz




Көрілген: 312    Пікірлер: 0

бейсенбі, 14.01.2021, 12:32

Достарыңмен бөліс:

  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2021
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    2019
    2020
    2021
    ақпан
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2 3 4 5 6 7
    8 9 10 11 12 13 14
    15 16 17 18 19 20 21
    22 23 24 25 26 27 28