Шартарап

АҚШ Беларусьті құны бәсекеге қабілетті мұнаймен қамтамасыз етуге дайын - Помпео

  • https://voronkov-kirill.livejournal.com/

    https://voronkov-kirill.livejournal.com/

Америка Құрама Штаттары Беларусьті құны 100 пайыз бәсекеге қабілетті мұнаймен қамтамасыз етуге дайын.

Бұл туралы АҚШ-тың Мемлекеттік хатшысы Майкл Помпео бүгін Минскіде Беларусь Президенті Александр Лукашенкомен жүргізген келіссөздерден соң айтты, деп хабарлайды ҚазАқпарат БЕЛТА-ға сілтеме жасап. «Біз экономикалық мәселелер бойынша ұзақ келіссөздер жүргіздік. Лукашенко мырза беларусьтардың өз тәуелсіз мемлекеті бар екенін және олардың қандай да бір мемлекеттің бөлшегі бола алмайтынын айтты. Америка Құрама Штаттары Беларусьқа тәуелсіз мемлекет болуға көмектесуге дайын. Біздің энергоресурс өндірушілеріміз бағасы 100 пайыз бәсекеге қабілетті мұнаймен қамтамасыз етуге дайын. Біз әлемдегі энергоресурс өндіретін ең ірі елміз. Оны бізден сұрау жеткілікті»,-деп атап өтті Мемлекеттік хатшы. Оның сөзінше, америкалық кәсіпорындардың Беларусь нарығына шығуы үшін мемлекеттерге аздаған кедергілерден өту керек. Саясаткер ДСҰ-ға кіру және жеке сектордың белсенділігі Беларусь еліне өзінің әлеуетін ашуға ықпал ететініне сенімді. Мемлекеттік хатшы сонымен қатар, екі ел арасындағы қауіпсіздік мәселесі бойынша да сәтті ынтымақтастық орныққанын және болашақта бұл байланыстар кеңейе беретінінен үмітті екенін айтты. Майкл Помпео сондай-ақ АҚШ Мемлекеттік хатшысының Беларусь еліне сапарын ұйымдастырудың сәті баяғыда-ақ туғандығын айтты. «Біз АҚШ тарихын есте ұстауымыз қажет. АҚШ 1991 жылы Беларусьтің тәуелсіздігін мойындаған алғашқы мемлекеттердің бірі. Біз әлі де осы ұстанымдамыз және болашақта біздің қарым-қатынастарымыз тереңдей береді деген үміттеміз»,-деп мәлімдеді ол.

 




Көрілген: 208    Пікірлер: 0

сенбі, 01.02.2020, 23:22

Достарыңмен бөліс:

2
  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:
    9 Наурыз, 17:33
    Мешітте атыс болды

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2020
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    2019
    2020
    наурыз
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1
    2 3 4 5 6 7 8
    9 10 11 12 13 14 15
    16 17 18 19 20 21 22
    23 24 25 26 27 28 29
    30 31