Шартарап

АҚШ шекарасынан жылдам өткісі келген хиджабтағы арудың әрекеті желдігелерді таңғалдырды

  • АҚШ шекарасынан жылдам өткісі келген хиджабтағы арудың әрекеті желдігелерді таңғалдырды

    АҚШ шекарасынан жылдам өткісі келген хиджабтағы арудың әрекеті желдігелерді таңғалдырды

Мұсылман дінін ұстанатын Бангладеш тұрғыны АҚШ шекарасынан еш қиындықсыз өту үшін сол елдің туы бейнеленген хиджаб таққан деп хабарлайды Lenta.ru

TikTok желісінде "omgggridwa" никнеймімен тіркелген блогер әуежайдағы шекара бақылауынан қалай өткенін айтып, видео түсірген.

Бангладештік бойжеткеннің сөзінше, сапарға шықпас бұрын оған анасы дәстүрлі хиджабты емес, АҚШ туы бейнеленген орамалды тағуға кеңес берген.

"Ол осылайша, мені шекарадан оңай өткізеді деп ойлады", - дейді жазба авторы.

Бойжеткеннің видеосы желіде лезде тарап, 13 миллионнан астам қаралым жинап үлгерген. Роликті көргендер жарыса пікір жазған.

"Менің саған миллион сұрағым болар еді", "Күлкіден өлетін шығармын, мұндай хиджаб күмәнді көбейтеді", "Ал менің әкем шекарадан ковбойлардың аяқ киімімен өткен", "Сені қосымша тексеруге шақырды ма? Күліп отырмын", - дейді олар. 

Еске сала кетсек, бұған дейін АҚШ-тың Каролина штатында 300 метр биіктіктен құлап кеткен ер адам ғажайыптың күшімен аман қалғанын жазған едік.

Полицияның дерегінше, аты-жөнін атамауды жөн көрген азамат екі сағат бойы күн батқанша тауда қыдырған. Кейін аяғы тайып, жардан құлап кеткен.

Оқиға орнына мамандар бригадасы келіп жеткен. Құтқару операциясы алты сағатқа жалғасқан. Десе де ер адам жеңіл жарақат алған.

Одан бөлек, кәріз жүйесінде адасып кетіп, үш апта бойы шыға алмаған АҚШ тұрғыны жайлы жазған едік.

kaz.nur.kz




Көрілген: 4326    Пікірлер: 0

сенбі, 10.04.2021, 00:34

Достарыңмен бөліс:



  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2021
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    2019
    2020
    2021
    мамыр
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2
    3 4 5 6 7 8 9
    10 11 12 13 14 15 16
    17 18 19 20 21 22 23
    24 25 26 27 28 29 30
    31