Шартарап

АҚШ соты абортқа тыйым салатын заңды күшінде қалдырды

  • АҚШ соты абортқа тыйым салатын заңды күшінде қалдырды

    АҚШ соты абортқа тыйым салатын заңды күшінде қалдырды

АҚШ-тың апелляциялық соты Әділет департаментінің жүктіліктің алты аптасынан бастап абортқа тыйым салатын Техастағы заңды тоқтата тұру туралы өтінішін қабылдамады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Reuters сайтына сілтеме жасап.

Агенттік мәліметінше, АҚШ-тың бесінші апелляциялық соты бұл заң "жеделдетілген" сот талқылауына дейін күшінде қалуы мүмкін деп мәлімдеді.

 1 қыркүйекте күшіне енген заң бойынша ұрықтың жүрек соғысы анықталғаннан кейін аборт жасауға тыйым салған. Жүрек соғысы жүктіліктің шамамен 5-6 аптасында анықталғандықтан, бұл заң АҚШ-тағы абортқа қатысты ең қатаң шектеу шараларының біріне айналды.

Заң зорлау немесе жыныстық қатынастан болған жүктілік жағдайында да жүзеге асады.

Әділет министрлігі Жоғарғы соттың 1973 жылғы шешіміне сай әйелдердің жүктілігін тоқтатуына, яғни конституциялық құқығын жүзеге асыруына кедергі келтіреді деп мәлімдейді.

Еске салайық, бұған дейін АҚШ-тағы федералды сот Техаста абортқа тыйым салатын заң шығаруға уақытша тыйым салған болатын.

Қазанның басында ондаған мың адам абортты шектеуге қарсы ереуілдерге шықты. Манифестке қатысушылар өздерінің абортқа қатысты конституциялық құқығынан айырады деп қорқады. АҚШ президенті Джо Байден бұл жағдайды әйелдер құқығына бағытталған, бұрын-соңды болмаған шабуыл деп атаған.

Tengrinews.kz




Көрілген: 497    Пікірлер: 0

жұма, 15.10.2021, 16:08

Достарыңмен бөліс:





  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2021
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    2019
    2020
    2021
    желтоқсан
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2 3 4 5
    6 7 8 9 10 11 12
    13 14 15 16 17 18 19
    20 21 22 23 24 25 26
    27 28 29 30 31