Шартарап

Актриса Жанель Мақажан: 13 жасымнан бастап киім тігіп сатамын

  • Актриса Жанель Мақажан: 13 жасымнан бастап киім тігіп сатамын

    Актриса Жанель Мақажан: 13 жасымнан бастап киім тігіп сатамын

Бұл туралы Ревю бағдарламасында айтылды.

 
Жанель Мақажан жақында Түркиядан оралды. Бір апталық демалысы үш аптаға созылған. Театр актрисасы бір уақытта бірнеше істі қолға алғанын айтады.Театрдан бөлек киноларға шақырту алады. Киім тігеді. Вайн түсіреді. 

"Менің кино әлемінен бөлек сүйікті ісім бар. Әжем, әжемнің анасы киім тіккен. Анам да тігінші. Мен де киім тігемін. 13 жасымнан бастап қолға алдым. Өзіме тіккен киімдерім тез сатылып кетеді. Жақында өз ательемді ашсам деп жүрмін. Атауын қалай қоярымды әлі білмеймін", - деді ол. 

Актриса тігіншіліктен бөлек жеке өзі кино түсіруді армандайды.  

"Өз киномды түсіргім келеді. Сол күнге жетейік. Екі балам бар. Тұрмыста емеспін. Театрды актрисасымын. Киноға да түсемін. Алдымен қаламақыға емес, кино сцеранийіне мән беремін. Бұрын кастингтерге өзім баратынмын. Қазір шақыртумен барамын. Танылғалы бері қаламақым да көбейді. Бірақ оның бағасын айтпай-ақ қояйын", - деді ол. 

Көпшілік Жанель Мақажанды актер Жахар Отарғалиевпен жұп көреді. Оған желідегі вайндары себеп. Ал актрисаның өзі Жаханмен тек дос екенін ашық айтады.

"Жахан екеуміз керемет доспыз. Арамызда ондай сезім, махаббат жоқ. Жай ғана вайн түсіреміз. Көпшілік сол үшін бізді жұп деп ойлайды", - деді актриса.

Желідегі қолданушылары Жанель мен Жаханның жақсы жарасатынын айтып жатады. Оларды бірге көргісі келеді.




Көрілген: 1478    Пікірлер: 0

сейсенбі, 17.11.2020, 12:36

Достарыңмен бөліс:

  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:
    10 Қаңтар, 18:13
    COVID-19. Әлемдегі жағдай

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2021
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    2019
    2020
    2021
    қаңтар
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2 3
    4 5 6 7 8 9 10
    11 12 13 14 15 16 17
    18 19 20 21 22 23 24
    25 26 27 28 29 30 31