Шартарап

"Ақымақ емеспін ғой": Лукашенко Беларуссияда науқастар саны азайғанын мәлімдеді

  • "Ақымақ емеспін ғой": Лукашенко Беларуссияда науқастар саны азайғанын мәлімдеді

Беларусь президенті коронавирус инфекциясымен күресуде өзі таңдаған жолының нәтижелеріне көңілі толатынын жеткізді деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ.

 

ТАСС-тың хабарлауынша, жақында Александр Лукашенко азаматтардың сенімін ақтағанын мәлімдеді, өйткені ол коронавируспен күресудің өзіндік тиімді әдісін таңдапты.

 

Мұндай сөздердің негізі статистикамен сай келген: Беларуссияда ауру жұқтырғандар саны бұрынғыдай қарқынмен өсіп жатқан жоқ.

 

"Президент ретінде есім шығып, үш ай бойы COVID-19 жағдайы не болып жатқанына алаңдадым. Мен ақымақ емеспін ғой, мен әлемде бір ғана ел осы вирусқа қарсы күресте ерекше жол таңдағанын түсінемін. Індетті жеңу алда-жалда қолымыздан келмесе, бірден мені кінәлайтындарыңыз анық. Оңай-қиын деп ойларсыз, бірақ біз жеңдік",– деді Александр Лукашенко.

 

Лукашенко коронавирусқа қарсы вакцинаны жасау туралы да сөз етті. Оның айтуынша, вакцина жасауға тырысып жатқан елдегілер, шын мәнінде, тек өзімшілдік мүдделерін көздейді және триллион доллар үшін күресіп жүр. Беларусь елінде коронавирустың ошақтарын тазарту жүріп жатыр. Президент қатаң карантин мен коменданттық сағат енгізуді міндеттемеді. Еске сала кетсек, Беларусь президенті Александр Лукашенко барлық елдерді коронавирус пандемиясына қарсы күресте Беларусь таңдаған жолмен жүруге шақырды. 




Көрілген: 485    Пікірлер: 0

дүйсенбі, 29.06.2020, 12:45

Достарыңмен бөліс:

  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2020
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    2019
    2020
    шілде
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2 3 4 5
    6 7 8 9 10 11 12
    13 14 15 16 17 18 19
    20 21 22 23 24 25 26
    27 28 29 30 31