Алапат дауылдан 375 адам көз жұмды (видео)

21 желтоқсан 2021, 01:36

19 желтоқсан күні Филиппинде болған тайфуннан кем дегенде 375 адам қаза тауып, ондаған адам із-түзсіз жоғалып кетті. Мұндай алапат дауыл бұл елде 2013 жылдан бері болмаған.

 

Табиғи апат салдарынан әсіресе Сиаргао, Минданао және Висайя аймақтары зардап шекті, 300 мыңнан астам адам апат аймағынан қашып шыққан, деп хабарлайды Экспресс К халықаралық Еuronews агенттігіне сілтеме жасап.

 

Қоныстанушылар билік тарапынан үйлестірілген қолдаудың жоқтығына шағымданады.

 

Біз соншалықты еңбек етіп, орасан көп салық төлейміз. Ал билік бізге көмек бере алмай отыр, — деп шағымданады жергілікті тұрғын.

 

Алдын ала болжам бойынша, апаттан келген шығын 400 миллион долларға жетуі мүмкін, үкімет бірінші кезеңде бар болғаны 40 миллион доллар бөле алатынын мәлімдеді.

 

 

Филиппинде жыл сайын 20-ға жуық тайфун соғады екен. Мұндай күшті дауыл 2013 жылдан бері байқалмаған.