Шартарап

Әлемде коронавирус жұқтырған балалар саны артып барады

  • Әлемде коронавирус жұқтырған балалар саны артып барады

    Әлемде коронавирус жұқтырған балалар саны артып барады

Әлем елдерінде де коронавирус инфекциясын жұқтырған балалар саны артып барады, деп хабарлайды «Хабар 24».

Мәселен, көршілес Ресейде соңғы екі аптада дәм-иіс сезу мүмкіндігінен айырылып, дене қызуы көтерілген 18 жасқа дейінгі нақуастар қатары көбейген. АҚШ-тың бір ғана Аллегейни қаласында қыркүйек айынан бері 300 бала коронавирус жұқтырған. Мұндай жағдай Бразилия елінде де тіркелді.

Ресейде соңғы 10 күнде коронавирус жұқтырған балалар саны артты. Бұл туралы Ұлттық медициналық зерттеу орталығы балалар денсаулығы басқармысының басшысы, профессор Андрей Фисенко мәлімдеді. Оның айтуынша 18 жасқа дейінгі науқастардың ауруы жеңіл формада өтіп жатыр. Дегенмен, ата-аналарға балаларымен қоғамдық орындарға бармауға, бетперде киіп, қолдарын жиі жууға кеңес берілді.

- Соңғы кездері балалары COVID-19 белгісімен ауырып жатқанын айтып, арызданған ата-атаналар көбейді. Науқастардың дене қызуы көтеріліп, жөтел пайда болған. Дәм-иіс сезбеу симптомдары да кездескен. Бұл дегеніңіз, эпидемияның өршіп бара жатқанын білдіреді. Сондықтан тұрғындарды санитарлық нормаларды сақтауға шақырамын, - дейді  профессор Андрей Фисенко.

Бұл Ресей ғана емес, әлемнің бірқатар елінде болып жатқан жағдай. Мәселен, АҚШ-тың Аллагейни қаласында қыркүйек айында 300 бала вирус жұқтырған. Науқастар арасында ауыр халге түскені жоқ. Десе де, баланың вирус тасымалдаушы екенін ұмытпаған жөн. Коронавирус анықталған 14 жастағы бір жеткіншек үш апта ішінде 27 адамға ауру таратып үлгерген. Сондай-ақ Бразалия, Оңтүстік Америка мен Кариб бассейні елдерінде вирус жұқтырған балалар мен жеткіншектер саны жарты миллионнан асып жығылды.

- Соңғы уақытта коронавирус жұқтырғандар арасында жастардың көбейгенін айту керек. Біздің өңірде ондай балалар мен жеткіншектердің саны жарты миллионнан асып кетті. Бұл алаңдарлық жайт. Сондай-ақ осы күнге дейін індетпен тиімді күрес жүргізіп жатқан Ямайка мен Кубадаға деректер саны да артып барады, - дейді Панамерикалық денсаулық сақтау ұйымының директоры Карисса Этьен.

Осылайша, балалар арасында кеселдің дендеуінен жаңа оқу жылы кейінге қалдырылып жатыр. Бостонда қазан айында ашылуы тиіс мектептер әзірге оқушыларды қабылдамайтын болды. Алдын ала ақпар бойынша оқушылар партаға тек қараша айында ғана отыруы мүмкін.




Көрілген: 643    Пікірлер: 0

сенбі, 10.10.2020, 00:31

Достарыңмен бөліс:

  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2020
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    2019
    2020
    қараша
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1
    2 3 4 5 6 7 8
    9 10 11 12 13 14 15
    16 17 18 19 20 21 22
    23 24 25 26 27 28 29
    30