Шартарап

Әлемдік ұйымға алғаш рет әйел адам жетекшілік етеді

  • Әлемдік ұйымға алғаш рет әйел адам жетекшілік етеді

    Әлемдік ұйымға алғаш рет әйел адам жетекшілік етеді

Нгози Оконджо-Ивеала жаңа лауазыммен қатар, вакциналар мен иммундау жөніндегі жаһандық альянстың басқарма төрағасы қызметін қоса атқарады

Нигерия өкілі Нгози Оконджо-Ивеала Дүниежүзілік Сауда Ұйымының (ДСҰ) бас директоры лауазымын иеленген алғашқы әйел атанды, деп хабарлайды РИА Новости.

"ДСҰ мүшелері доктор Нгози Оконджо-Ивеаланы ДСҰ-ның келесі бас директоры етіп тағайындау туралы келісімге келді. Шешім консенсус негізінде Бас кеңестің кезектен тыс отырысында қабылданды. Оконджо-Ивеала ДСҰ-ны басқарған алғашқы әйел және алғашқы африкалық атанды", &ndash деп хабарлады ұйымның баспасөз қызметі.
Хабарламада Оконджо-Ивеаланың қызметке 1 наурызда кірісетіні және оның өкілеттігі 2025 жылдың 31 тамызына дейін жарамды екендігі айтылған.

"Егер біз COVID-19 пандемиясының салдарынан келген зардапты тез қалпына келтіруіміз керек болса, онда ДСҰ-ның маңызы зор. Мен (ДСҰ) мүшелерімен әлемдік экономиканы қалпына келтіру үшін қажетті реакцияны қалыптастыру және жүзеге асыру үшін жұмыс істеуге дайынмын", &ndash деді Оконджо-Ивеаланың өзі тағайындалғаннан кейін.

Оконджо-Ивеала 1954 жылы Нигерияның Огваши-Уку қаласында дүниеге келген. Әр жылдары Нигерияның қаржы министрі, осы елдің сыртқы істер министрі болған. Сонымен қатар Дүниежүзілік банктің басқарушы директоры лауазымын атқарған. Қазіргі кезде ол вакциналар мен иммундау жөніндегі жаһандық альянстың (GAVI) басқарма төрағасы.

Айта кетейік, ДСҰ басшысы Роберто Азеведо қызметтен кететінін өткен жылдың 31 тамызында мәлімдеді. Ол мұның басты себебін &ndash отбасы мүшелерінің Женева (ДСҰ-ның штаб-пәтері орналасқан) мен Бразилияда екі бөлініп тұрып жатқандықтан, осындай шешім қабылдадымдеп түсіндірген.




Көрілген: 338    Пікірлер: 0

сейсенбі, 16.02.2021, 10:52

Достарыңмен бөліс:

  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2021
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    2019
    2020
    2021
    сәуір
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2 3 4
    5 6 7 8 9 10 11
    12 13 14 15 16 17 18
    19 20 21 22 23 24 25
    26 27 28 29 30