Шартарап

Әлемнің ең бай тұрғыны тағы да рекорд жаңартты

  • Әлемнің ең бай тұрғыны тағы да рекорд жаңартты

    Әлемнің ең бай тұрғыны тағы да рекорд жаңартты

Әлемнің ең ауқатты тұрғыны, Amazon ұйымының негізін қалаушы Джефф Безос байлығын 10,6 миллиард долларға арттырды. Осылайша оның байлығы 212,4 миллиард долларға жетіп, тағы да рекорд жаңартты.

Forbes басылымының мәліметінше, Amazon акциялары осы аптада 5,9 пайызға жоғарылаған. Компания акцияларының 4%-ының иесі болып табылатын Безостың бұрынғы жары Маккензи Скоттың да байлығы 3,5 миллиард долларға ұлғайып, 62,5 миллиард долларға жеткен. 

 
Amazon акцияларының өсуіне АҚШ-тың қорғаныс министрлігінің Microsoft корпорациясымен бірлесіп, іске асыруы керек болатын құны 10 миллиард долларлық Бірлескен Кәсіпорынның Қорғаныс Инфрақұрылымы жобасынан бас тартуы әсер етуі мүмкін. Microsoft-тан бөлек жобаны ұйымдастыру мүмкіндігін иеленуге Amazon, Google және Oracle күрескен.

Айта кетсек, 5 шілдеде Безос Amazon компаниясының бас директоры лауазымынан кеткен еді. Жаңа бас директор болып бұған дейін Amazon Web Services қызметін басқарған Энди Джесси тағайындалды. Безос қазір компанияның атқарушы төрағасы қызметін атқарады. Ол алдағы уақытта қайырымдылыққа бағытталған шараларына көбірек көңіл бөлмек. 

Stan.kz




Көрілген: 547    Пікірлер: 0

жексенбі, 11.07.2021, 17:53

Достарыңмен бөліс:





  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:
    19 Қыркүйек, 12:32
    Әлемде эпидахуал қандай?

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2021
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    2019
    2020
    2021
    қыркүйек
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2 3 4 5
    6 7 8 9 10 11 12
    13 14 15 16 17 18 19
    20 21 22 23 24 25 26
    27 28 29 30