Шартарап

"Аман-есенмін": Джеки Чан коронавирус күдігімен ауруханаға түскенін жоққа шығарды

  • "Аман-есенмін": Джеки Чан коронавирус күдігімен ауруханаға түскенін жоққа шығарды

 Батыс бұқаралық ақпарат құралдарының өкілдері әйгілі актер әрі кинорежиссер Джеки Чанның коронавирус күдігімен ауруханаға түсіп, карантинге жатқызылғаны туралы ақпарат таратқан еді. Алайда бұл мәліметтің жалған екені белгілі болды деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ. Zakon.kz.-ке сілтеме жасап.

Джеки Чанның өзі instagram.com парақшасында бұл ақпаратты жоққа шығарған.

"Қамқорлықтарыңыз үшін барлығыңызға рақмет! Аман-есенмін, денім сау. Өтінемін, алаңдамаңыздар, мен карантинде жатқан жоқпын және де барлығы да аман-сау болады деп үміттенемін!", – деп жазды әйгілі актер.

Бұған дейін БАҚ-та Джеки Чанның коронавирус күдігімен шұғыл түрде ауруханаға жеткізілгені жайлы ақпарат пайда болған еді.

Айта кетейік, бұған дейін Голливуд жұлдызы коронавирусқа қарсы вакцина ойлап тапқан адамға миллион юань көлемінде сыйақы ұсынуға уәде берген еді.

Актердің ойынша, бөлінген 143 мың доллар яғни 54 миллион теңге дәрілік заттың жылдамырақ табылуына себеп болады. Джеки Чан бұдан бөлек қорғаныш киімдері мен медициналық бетперделер үшін де қаражат бөлетінін айтқан.

Соңғы деректерге сүйенсек, коронавирустан Қытайда 2744 адам қайтыс болған. Соңғы бір тәулікте 29 адам көз жұмып, 32,5 мың адам айығып шыққан.

Сондай-ақ, вирус тағы алты елден анықталған.

KAZ.NUR.KZ.




Көрілген: 391    Пікірлер: 0

бейсенбі, 27.02.2020, 21:16

Достарыңмен бөліс:

  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2020
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    2019
    2020
    қазан
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2 3 4
    5 6 7 8 9 10 11
    12 13 14 15 16 17 18
    19 20 21 22 23 24 25
    26 27 28 29 30 31