Шартарап

Антарктидада зерттеу жүргізген ғалымдар бүкіл өркениетке қауіп төнгенін мәлімдеді

  • © REUTERS / Ueslei Marcelino

    © REUTERS / Ueslei Marcelino

Америкалық ғалымдар Антарктида жағалауында теңіз түбінен метан алғаш рет белсенді түрде аға бастағаны жайлы мәліметті растады. Бұл туралы N + 1 интернет-басылымының мақаласында айтылған.

 

Метан – атмосфераны қыздыратын және климаттың өзгеруіне әсер ететін негізгі және ең қауіпті парниктік газдардың бірі. Парниктік белсенділігі өте жоғары (20 жылдың ішінде метанның бір килограмы көмірқышқыл газының бір килограмына қарағанда ғаламшарды 80 есе қатты қыздырады), ал оның ғаламшардың жалпы қызуына әсері 10 процентке жетеді.

 

Жердегі теңіз метанының төрттен бір бөлігі Антарктида жағалауларынан табылған. Ол құрлықта қолайлы климат болған кезде, 55 миллион жыл бұрын өмір сүрген ежелгі өсімдіктер мен теңіз организмдерінің баяу ыдырауынан пайда болды деп саналады.

 

Уақыт өте келе, Антарктидада температура төмендеп, топырақтың, өсімдіктер мен жануарлардың қалдықтары мұз астында қалды, оларды микроорганизмдер бойына сіңіріп, бір бөлігін метанға айналдырды. Бүгінде суық пен мұз қысымы газдың атмосфераға таралуына жол бермейді, бірақ ғаламшардың жылынуына байланысты метан шығуы мүмкін.

 

Зерттеушілер метан атмосфераға шығып, ғаламшарды қазіргі өркениетті жойып жіберетін температураға дейін қыздырады деп қауіптеніп отыр.

 

Ежелгі мұздықтардағы ауа көпіршіктерін талдау қазіргі уақытта Жер атмосферасындағы метанның мөлшері соңғы 400 000 жылдағы кез келген уақытқа қарағанда көбірек екенін көрсетті.

 

Ғалымдар метан таралып жатқанын алғаш рет 2011 жылы байқаған. Ол Антарктиканың материк бөлігінен Мак-Мердо бұғазымен бөлінген Росса жанартау аралына жақын маңдағы шлак конусынан шыққан.

 

Бірнеше жылдан кейін Орегон штаты университетінің зерттеушілер тобы сол жерге қайта барып, экспедицияның нәтижелері туралы мақала жариялады. Ғалымдар метанның 10 метр тереңдікте ағып жатқандығын растады. Парниктік газдың ағымы тәулігіне 1 шаршы метрге 3,1 ± 0,9 миллимольдан келеді.

 

Метан мұхиттың қатты қызып жатқан бөлігінен емес, басқа жерден табылуы ғалымдар үшін әзірге құпия болып отыр.

 

Сонымен қатар, микробиологтар теңіз организмдерінің реакциясына алаңдаушылық білдірді. Өткен зерттеулер метан теңіз түбінен шыға бастаған кезде, оны сіңіретін микробтар сол жаққа жылжып, парник газының атмосфераға енуіне жол бермейтінін көрсетті.

 

Бірақ бұл жолы олардың реакциясы жылдам болмай шықты: ғалымдар микробтар тобы метан шығарындысын азайтуға жеткілікті сүзгіні әлі қалыптастырмағанын анықтады. Ғалымдардың пікірінше, микроорганизмдер жаңа жағдайларға толық бейімделгенге дейін 5-10 жыл уақыт кетуі мүмкін.

 

 

sputniknews.kz




Көрілген: 682    Пікірлер: 0

сенбі, 25.07.2020, 14:26

Достарыңмен бөліс:

  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:
    24 Қыркүйек, 08:51
    Қауіпті маса пайда болды

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2020
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    2019
    2020
    қазан
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2 3 4
    5 6 7 8 9 10 11
    12 13 14 15 16 17 18
    19 20 21 22 23 24 25
    26 27 28 29 30 31