Шартарап

Арменияда қазақстандық оқ-дәріге қатысты жанжал шықты

  • Арменияда қазақстандық оқ-дәріге қатысты жанжал шықты

    Арменияда қазақстандық оқ-дәріге қатысты жанжал шықты

Армениялық Moston Engineering компаниясы қазақстандық оқ-дәріні Түркияға сатты деген күдікке ілінді &ndash бұл туралы Telegram каналдары жазып жатыр

Арменияның қорғаныс министрлігі Түркияға оқ-дәрі сатылғаны туралы қауесетті жоққа шығарды.

"Қару сату туралы қауесет тарату &ndash бұл ашық бұрмалау және өтірік", - деп Sputnik Армения қорғаныс министрінің баспасөз хатшысы Шушан Степанянның сөзінен үзінді келтірді.

Осындай мәлімдемені Moston Engineering қару-жарақ сату компаниясының басшысы Давид Галстян да жасады.  

"Компания шынымен де 2014 жылдың сәуірінде Қазақстаннан түрлі калибрлі 200 миллион оқ-дәрі сатып алды. Сатып алу процесі қазақстандық заңнамаға және халықаралық құқықтарға сәйкес өтті", - деді Галстян.

Оның айтуынша, сатып алу туралы түпнұсқа құжаттың негізінде оқ-дәрілер Түркияға жіберілгені туралы қисынсыз болжам жасалған.

"Оқ-дәрі бірнеше мемлекетке қайта сатылды, бірақ Түркияға сатылғаны туралы ақпарат &ndash толық өтірік және бұрмалау", - деп атап өтті Галстян.  

Ол 2018 жылы Moston компаниясының қазақстандық кеңсесіне түрік компаниясынан сұратым түскенін, бірақ қабылданбағанын жеткізді.

Галстян компания бағаны және жеткізілім сапасын анықтау үшін түрлі ұйымдарға сұратым жіберетінін жасырмады.

"Компанияның сұратым жіберуі мәміле жасалғанын білдірмейді", - деп түсіндірді Moston басшысы.
Ол сондай-ақ Қазақстаннан әкелінген басқа қарулар туралы ақпаратқа түсініктеме берді.  

"Ол жақтан ескі шығарылымның снарядтары 1 500 доллардан әкелінді деген ақпарат шындыққа сәйкес келмейді. Соңғы он жылда Қазақстаннан жаңа шығарылымның бір түрі ғана сатып алынды. Қазақстаннан ешқандай снаряд әкелінген жоқ", - деп түйіндеді Галстян.




Көрілген: 1061    Пікірлер: 0

дүйсенбі, 16.11.2020, 08:24

Достарыңмен бөліс:

  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:
    10 Қаңтар, 18:13
    COVID-19. Әлемдегі жағдай

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2021
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    2019
    2020
    2021
    қаңтар
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2 3
    4 5 6 7 8 9 10
    11 12 13 14 15 16 17
    18 19 20 21 22 23 24
    25 26 27 28 29 30 31