Шартарап

Ауғанстанда бейбіт халық баспаналарын тастап қашып жатыр

  • Ауғанстанда бейбіт халық баспаналарын тастап қашып жатыр

    Ауғанстанда бейбіт халық баспаналарын тастап қашып жатыр

Тәліптер қазір Ауғанстанның 400-дей ауданының жартысынан көбін бақылауына алған. 

Ауғанстанның солтүстік аймақтарында тәліптердің әскери қимылдарынан жағдай күрделеніп, ауылды жерлерде бейбіт халық баспаналарын тастап қашып жатыр деп хабарлайды Хабар 24.

Халықтың қашуына қарулы топтар басып алған жерлерде бұрынғыдай қатаң тәртіп орнатуға көшуі себеп болған.
 

Мысалы, Құндыз провинциясында 12 мың адам үйлерін тастап босып кеткен. Олардың көбі үкімет күштері бақылауындағы қалаларға барып бас сауғалаған. Уақытша шатырларда тұрып жатқан адамдар ауыз су мен азық-түлік тапшы екенін айтады.

"Балам күн сайын тәліптер келсе өлтіреді деп айтқан соң бір түнде аяқ киімімді киіп, үйімізді тастап кеттік. Екі күн бойы шөл дала мен тау-тасты кезіп осы жерге әзер жеттік", - дейді тұрғын.
 

"Біз тамақ пен таза суға зәруміз. Науқас адамдар да көп, оларға да дәрі-дәрмек қажет. Егер қолдау болмаса жағдайымыз өте қиын болайын деп тұр", - дейді тағы бір тұрғын. 
 

Басылымның жазуынша, тәліптер қазір Ауғанстанның 400-дей ауданының жартысынан көбін бақылауына алған. Қарулы топтар АҚШ-пен келісімшарт бойынша елдегі ірі қалаларға басып алмауға уәде берсе де, бірқатар шаһарды шабуылдауын жалғастыруда.
 

Мәселен, олар Түркіменстан және Тәжікстанмен шекаралас бірқатар ауданды басып алған. Осыған қарамастан тәліптер Орталық Азия мемлекеттеріне қарсы әрекет етпейтінін айтып уәде беріп отыр. Еске сала кетсек, бұған дейін сыртқы істер министрлігі Қазақстан ауғанстандық босқындарды қабылдай ма деген сауалға жауап берген еді.




Көрілген: 467    Пікірлер: 0

сейсенбі, 13.07.2021, 16:53

Достарыңмен бөліс:





  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:
    19 Қыркүйек, 12:32
    Әлемде эпидахуал қандай?

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2021
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    2019
    2020
    2021
    қыркүйек
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2 3 4 5
    6 7 8 9 10 11 12
    13 14 15 16 17 18 19
    20 21 22 23 24 25 26
    27 28 29 30