Шартарап

Әйелінің хатын оқыған ер адам өмір бойына сотталып кетті

  • © romanticcollection.ru

    © romanticcollection.ru

Жаңа Зеландияның Окленд қаласы тұрғыны әйелін шіркеу қызметкерімен көңіл қосты деп күдіктеніп, ер адамды пышақтап өлтірген. Қазір ол түрмеде отыр, деп хабарлайды Daily Mail.


2018 жылдың қарашасында 45 жастағы Уэта Вэ әйелінің шіркеу қызметкері Лаулимум Люасимен хат алмасқанын оқып қояды, олар бір-біріне жазған хатында жыныстық қатынасты меңзегендей көрінеді. Бұл жайттан кейін де 62 жастағы діни қызметші әйелмен ара қатынасын үзбей, тіпті екі отбасының кездесуін ұйымдастырып, күмәнді сейілтпек болады. Вэнің әйелі де, шіркеу қызметкері де жұбайларының көзіне шөп салмағанын түсіндіруге тырысқан.


2019 жылдың қаңтарында ішімдік ішіп алған Вэ көңіліндегі күдігін әйеліне тағы айтады. Келесі күні әйел күйеуімен айырылысуға шешім қабылдап, үйден кетуін сұрайды. Содан соң ерлі-зайыпты бір мерекелік жиынға барып, куәгерлердің айтуынша, Вэ "біртүрлі тұйық" болып көрінеді. Кейін ол үйіне қайтады да, қолына пышақ алып, шіркеуге басып кіреді. Ер адам шіркеу қызметкерін пышақтап, өлгеніне көз жеткізу үшін бірнеше минут күтіп тұрыпты.


Содан кейін үйіне оралып, әйеліне ауыр қылмыс жасағанын айтады. Әйел Люасиге жүгіріп барып, алғашқы көмек көрсетуге тырысқан, алайда шіркеу қызметкерін аман алып қалу мүмкін емес еді.


9 шілдеде сот Уэта Вэні өмір бойына бас бостандығынан айырды. Сотталушының 17 жылдан соң шарты түрде мерзімінен бұрын бостандыққа шығуға құқығы бар.


Sputnik


 




Көрілген: 1406    Пікірлер: 0

сәрсенбі, 10.07.2019, 16:04

Достарыңмен бөліс:

  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2019
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    2019
    шілде
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2 3 4 5 6 7
    8 9 10 11 12 13 14
    15 16 17 18 19 20 21
    22 23 24 25 26 27 28
    29 30 31