Шартарап

"Балалар терезеден секірді": Қазан қаласындағы мектепте атыстан 7 оқушы қаза тапты

  • "Балалар терезеден секірді": Қазан қаласындағы мектепте атыстан 7 оқушы қаза тапты

Татарстан астанасы Қазан қаласында Файзи көшесіндегі № 175 гимназияда белгісіз біреулер оқушылар мен мұғалімдерге оқ жаудырды, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.

БАҚ-тың хабарлауынша, бірнеше белгісіз адам мектепке қарумен кірген.

Соңғы деректер бойынша, оқу орнындағы атыс кезінде 11 адам қаза тапты, олардың көпшілігі балалар, деп жазды РИА Новости. 

Татарстан басшысы Рустам Миннихановтың айтуынша, төрт ұл мен үш қыз оққа ұшқан. Тағы 16 адам, оның ішінде 12 бала және төрт ересек адам жарақат алып ауруханаға жатқызылды.

Қазіргі таңда қалған оқушылар ғимараттан эвакуацияланды. Олармен психологтар жұмыс істеп жатыр.

Оқиға орнына Татарстан президенті Рустам Минниханов, республиканың денсаулық сақтау министрі Марат Садықов және өңір прокуроры Илдус Нафиков барды.

Қаланың барлық оқу орындарында қауіпсіздік шаралары күшейтілді.

Желіде оқушылардың терезеден секіріп жатқаны түсірілген видео тарады.

РИА Новости жедел қызметтерге сілтеме жасай отырып, қаза болған оқушылардың екеуі үшінші қабаттағы терезеден секіріп құлап кеткенін хабарлады.

Атыстан кейін мектеп ғимаратында жарылыс болғаны белгілі болды. Аумақтан түтін шығып жатыр.

Төтенше жағдай орнына 20-дан астам жедел жәрдем бригадасы жіберілді.

Атыс ұйымдастырды деген күдікпен 19 жастағы Ильназ Г. ұсталды. Екінші шабуылдаушы мектептің төртінші қабатында бұғатталды, кейін арнайы қарулы күштер оның көзін жойды. Күдікті кепілде адам ұстап отырған.

Атыс ұйымдастырған жасөспірімдердің бірі - осы мектептің оқушысы екені белгілі.

Сонымен қатар, атысқа тағы бір күдікті ұсталды. LIFE SHOT Telegram арнасының мәліметінше, ұсталған адамның аты-жөні - Рамиль М, 41 жаста.




Көрілген: 831    Пікірлер: 0

сейсенбі, 11.05.2021, 17:47

Достарыңмен бөліс:



  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2021
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    2019
    2020
    2021
    маусым
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2 3 4 5 6
    7 8 9 10 11 12 13
    14 15 16 17 18 19 20
    21 22 23 24 25 26 27
    28 29 30