Шартарап

Батареямен жүретін мотоцикл пайда болды

  • Батареямен жүретін мотоцикл пайда болды

    Батареямен жүретін мотоцикл пайда болды

Ұялы телефондар, құлаққаптар, дрондар, тіпті автомобильдерді батареясыз елестету мүмкін емес, деп хабарлайды «Хабар 24».

Аккумулятор өндірісіндегі соңғы ноу-хау Сеулдегі көрмеде ұсынылды. 200-ден астам компания аккумулятор ғана емес, сонымен қатар электромобильдерді қуаттайтын бекеттердің де оңтайлы тұсфн көрестті. Көрмеге Оңтүстік Кореядағы тілшіміз Владислав Цой барып қайтты.

Владислав Цой, тілші: - Көрмені көру үшін алдымен арнайы сайтқа тіркелу керек. Дене қызуын тексергеннен кейін қолғап беріледі және дезинфекциялаудан өту міндетті.

Корея көшелерінде электромобильдер көп. Ал тоқпен жүретін мотоциклдер сирек кездеседі. Мысалы мына машина аккумулятормен жұмыс істейді. 100% қуаттандырылған батареямен 100 шақырым жол жүруге болады. Десе де, елде батареяларды қуаттайтын станциялары жеткіліксіз. Тоқпен жүретін мотоциклдерге арналған 30 бекет Сеулде тек келер жылы ғана орнатылады. Бұл туралы біз электр мотоциклдеріне қызмет көрсету станцияларын өндірушімен сөйлестік.

Мин Гён Квон, компанияның атқарушы директоры: - Электронды скутерлер мен электровелосипедтерге арналған қуаттау құралын әзірлеу биыл аяқталды. Келесі жылы өндірісті бастамақпыз. Біздің станциялар тұрғын үй кешендеріне орнатылады. Қуаттауға 30 минуттан 4 сағатқа дейін уақыт қажет.

Владислав Цой, тілші: - Мына электроскутер осындай кішкентай батареямен жұмыс істейді. Оны 4 сағат бойы қуаттау керек және толық қуатпен 50 шақырым жүруге болады. Біз «бұл скутер Қазақстан аязына шыдай ала ма» деп сұрадық. Өндірушілер қыста да жүруге болады, тек батарея 20%-ке тез таусылады, деп жауап берді. Сондай-ақ Кореяда тоқ және сутегімен жұмыс жасайтын велосипед те ойлап табылды.

Юн Су Хан, Кореяның электроэнергия зерттеу орталығының өкілі: - Өткен жылы осы велосипедтердің 4 мың данасын Еуропаға жеткіздік. Қазір велосипедтерді Алматыға жеткізу, оны сутегімен қуаттау мүмкіндігі мен басқа да техникалық сипаттамалар қарастырылуда. Электронды велосипед -20 градуста еш қиындықсыз жүреді. Толық қуатталған кезде 150 шақырым жерге дейін жүре алады.

Владислав Цой, тілші: - Мұндай батареялар төтенше жағдайларға әкелуі мүмкін. Мысалы Hyundai Kona электромобильдері 13 рет өртенген. Енді өндірушілер жанармаймен жүретін автомобильдерді экологиялық таза автомобильдерге алмастыруды жайлап қолға алды. Соңғы мәліметтер бойынша Кореяда 109 мың электромобиль тіркелген.




Көрілген: 379    Пікірлер: 0

жексенбі, 25.10.2020, 00:59

Достарыңмен бөліс:

  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2020
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    2019
    2020
    қараша
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1
    2 3 4 5 6 7 8
    9 10 11 12 13 14 15
    16 17 18 19 20 21 22
    23 24 25 26 27 28 29
    30