Шартарап

"Байып кеткенімді түсіндім": ер адам көлігінің арқасында олжаға кенелді

  • "Байып кеткенімді түсіндім": ер адам көлігінің арқасында олжаға кенелді

Ол әкесі екеуі күндердің бір күнінде осындай олжа болатынын білгенін айтады. Ақшаны жұмсауды әлі жоспарлап отырған жоқ

АҚШ-тың Мичиган штатының тұрғыны лотереядан джекпот ұтып алды.

48 жастағы Джинеси округінің тұрғыны Гранд-Блан қаласындағы жанармай бекетінде тоқтап, желі шыққан көлік дөңгелегін реттемек болған. Дөңгелекке жел беретін автоматқа салатын ұсақ ақша табылмады. Сондықтан бекеттегі дүкенге кіруге тура келді, деп жазады UPI басылымы.

Дүкенде ер адам екі лотерея билетін сатып алды. 

"Көлігіме кіріп лотереядағы жолақты өшірдім. Үш бірдей символ мен сыйлық сомасын көрдім. Байып кеткенімді түсіндім", - деді ол.

Ер адам 500 мың доллар (шамамен 209 млн теңге) ұтқан.

"Әкеммен бірге бірнеше жыл бойы лотерея ойнаймыз. Бір күні джекпот ұтамыз дейтін едік. Сол кезде ойнауды тоқтатамыз деп жоспарладық", - деді байып кеткен америкалық.

Ол ұтқан ақшаны әлі сақтап қоятынын айтты.

Бұған дейін Американың Канзас штаты Олейте қаласында дөңгелек ауыстыруға келген әйел джекпот ұтқаны хабарланған еді. Ол уақыт өткізу үшін бірнеше билет алған.

sputnik.kz




Көрілген: 2220    Пікірлер: 0

жексенбі, 17.10.2021, 10:35

Достарыңмен бөліс:





  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2021
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    2019
    2020
    2021
    желтоқсан
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2 3 4 5
    6 7 8 9 10 11 12
    13 14 15 16 17 18 19
    20 21 22 23 24 25 26
    27 28 29 30 31