Шартарап

Беларусь тұрғыны мұртты аққала жасағаны үшін пикет ұйымдастарды деп айыпталды

  • Беларусь тұрғыны мұртты аққала жасағаны үшін пикет ұйымдастарды деп айыпталды

    Беларусь тұрғыны мұртты аққала жасағаны үшін пикет ұйымдастарды деп айыпталды

Беларусьтегі Гомель облысының тұрғыны өз учаскесінде мұртты және "Ливе Беларусь"деген жазуы бар аққала тұрғызғаны үшін айыпталды. Оған  рұқсат етілмеген пикет өткізді деген айып тағылды, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.

Ер адам аққаланы 24 желтоқсанда жасаған. Бірнеше күннен кейін, аққала еріген кезде, оның үйіне учаскелік полиция қызметкері келген. Ер адамға аққаланың суретін көрсетіп, оған әкімшілік хаттама толтырған.

 
"Фотосуретті үшінші тұлғалар түсірген: учаскелік полиция қызметкерінің өзі немесе көршілер. Ауыл тұрғыны көршілері "ұстап берді" деп күдіктенеді", &mdash деді құқық қорғаушы Леонид Судаленко. 

Заңгердің айтуынша, бұл азамат ешқашан жауапқа тартылмаған. Енді рұқсат етілмеген пикет үшін оны 15 күн қамауға алуы немесе айыппұл салуы мүмкін.

Айта кетейік, Беларусьте 9 тамыздағы президенттік сайлаудан кейін басталған жаппай наразылық акциялары алты айдан бері жалғасып жатыр. Ресми нәтижелерге сәйкес, алтыншы мерзімге үміткер болған Александр Лукашенко 80 пайыз дауыс жинаған. Оппозиция сайлауды жалған деп санайды және Лукашенконың мемлекет басшысы қызметінен кетуін талап етеді.




Көрілген: 369    Пікірлер: 0

сейсенбі, 05.01.2021, 12:20

Достарыңмен бөліс:

  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:
    25 Ақпан, 23:48
    Жер сілкінді

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2021
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    2019
    2020
    2021
    ақпан
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2 3 4 5 6 7
    8 9 10 11 12 13 14
    15 16 17 18 19 20 21
    22 23 24 25 26 27 28