Шартарап

Белгісіз біреу Арнольд Шварценеггерді қос аяқтап бір тепті (видео)

  • © Sputnik / Екатерина Чеснокова

    © Sputnik / Екатерина Чеснокова

Оңтүстік Африка Республикасындағы Arnold Classic Africa шарасы кезінде белгісіз фанат Голливуд актері Арнольд Шварценеггерді арқасынан қос аяқтап бір тепті.


Шараға жиналған көрермендер оқиғаны кездейсоқ видеоға түсіріп алған.



Кадрларда актер телефонын ұстап, балаларды видеоға түсіріп, фанаттарымен сөйлесіп жүр. Кенет арт жағынан біреу жүгіріп келіп Шварценеггерді арқасынан қос аяқтап бір тепті. Күтпеген қатты соққыдан актер бір жаққа ығысып кетті. Ал шабуылшыны күзет бірден ұстап алған.


Оқиға салдарынан кино жұлдыз ешқандай зардап шекпеген екен. Бірнеше минуттан соң Арнольд өз орнына қайта оралып, көрермендермен әңгімесін жалғастырды.


"Arnold Classic Africa ұйымдастырушысы Уэйн Прайстың айтуынша, бұл оқиға алдын ала жоспарланған, себебі шабуылдаушы бұрын да осындай әрекеттерімен құқық қорғаушылардың назарына іліккен", - делінген Arnold Classic Africa хабарламасында.


Ал Шварценеггер өзін тепкен жігітке ешқандай айып тақпайды, себебі келеңсіз жайт бір түсінбестіктен болды деп санайды.


 Sputnik




Көрілген: 393    Пікірлер: 0

жексенбі, 19.05.2019, 11:34

Достарыңмен бөліс:

  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2019
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    2019
    маусым
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2
    3 4 5 6 7 8 9
    10 11 12 13 14 15 16
    17 18 19 20 21 22 23
    24 25 26 27 28 29 30