Шартарап

Белгісіз біреу ойын алаңында балаларға оқ атқан

  • Сурет ашық дереккөзден

    Сурет ашық дереккөзден

Ресейдегі Ленинград облысы Кингисепп қаласында белгісіз біреу ойын алаңында ойнап жүрген балаларға оқ атқан. Салдарынан 10 жастағы бала мойнынан жарақат алды. Аталған оқиға бойынша қылмыстық іс қозғалды. Бұл туралы Тергеу комитетінің өңірлік тергеу басқармасы мәлімдеді, деп хабарлайды ҚазАқпарат ТАСС агенттігіне сілтеме жасап.

 

«Белгісіз адам Ленинград облысының Кингисепп қаласының Октябрьская көшесінде орналасқан балалар алаңына жақын жерде бұзақылық ниетпен қару ретінде белгіленбеген құрылғыны қолданып, алаңда ойнап жүрген балаларға қарай кемінде бір рет оқ атқан. Салдарынан он жасар бала мойнынан жарақат алды»- делінген басқарма хабарламасында.

 

Аталған факті бойынша РФ ҚК 213 бабы 2-тармағы бойынша («Қаруды немесе қару ретінде пайдаланылатын заттарды қолданып бұзақылық жасау») қылмыстық іс қозғалды.

 

Тергеу комитетінің мәліметінше, оқиға жексенбі күні болған.

 

Қазіргі таңда жарақат алған бала ауруханада жатыр, оның өміріне еш қауіп төніп тұрған жоқ.

 

Полиция оқ атқан адамды іздестіруде.

 

Полицияның мәліметінше, бала мойынның жұмсақ тіндерінен жарақат алған.

 

 




Көрілген: 235    Пікірлер: 0

дүйсенбі, 05.04.2021, 17:38

Достарыңмен бөліс:



  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2021
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    2019
    2020
    2021
    мамыр
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2
    3 4 5 6 7 8 9
    10 11 12 13 14 15 16
    17 18 19 20 21 22 23
    24 25 26 27 28 29 30
    31