Шартарап

Берлинде мектеп мұғалімі каннибализмге күдікті ретінде ұсталды

  • Берлинде мектеп мұғалімі каннибализмге күдікті ретінде ұсталды

    Берлинде мектеп мұғалімі каннибализмге күдікті ретінде ұсталды

Берлинде 41 жастағы математика пәнінің мұғалімі кісі өлтіру және каннибализм деген күдікпен ұсталды. Бұл іске жыныстық қанағаттану мақсатында баруы мүмкін. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі ВВС басылымына сілтеп хабарлайды.

Неміс полициясының хабарламасында мұғалімді  "Стефан Р" деп таныстырады. Германия заңы бойынша күдіктілердің фамилиясын ресми айып тағылғанға дейін ашып айтуға тыйым салады.

 
8 қарашада Берлиннің солтүстігіндегі Бух саябағында серуендеп жүргендер 44 жастағы ер адамның сүйектерін тауып алған. Оның бұған дейін екі ай бойы хабар-ошарсыз кеткені мәлім болды. БАҚ өкілдері марқұмды "Стефан Т" деп таныстырған.

Криминалистер денені зерттеп, салыстырып ұқсастықтарын анықтап көрді.  

Полиция өкілі танымал "BZ" таблоидына мәлімдегендей, сүйектердің бірі жұмсақ тіндерден мүлдем айырылған. Стефан Т каннибалдың құрбаны болды деген күдік тудыратын басқа да белгілер бар.

Із кесуші иттер полицияны күдіктінің үйіне алып келді. Оның интернеттегі каннибализмге қызығушылық танытқаны, тиісті материалдарды іздегені, сондай-ақ жәбірленушімен онлайн режимінде сөйлескені анықталды, деп хабарлайды DPA агенттігі.

Өлген кісінің мамандығы электрик, 5 қыркүйек түн ортасына кейін үйінен шығып кеткен. Оның жоғалып кеткені туралы полицияға оның жалдамалы пәтердегі көршілері хабарлады.

Stan.kz




Көрілген: 969    Пікірлер: 0

сейсенбі, 24.11.2020, 18:48

Достарыңмен бөліс:

  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2021
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    2019
    2020
    2021
    қаңтар
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2 3
    4 5 6 7 8 9 10
    11 12 13 14 15 16 17
    18 19 20 21 22 23 24
    25 26 27 28 29 30 31