Шартарап

Бес студенттің мәйіті табылды

  • https://belnaviny.by/

    https://belnaviny.by/

Ташкенттің Юнусабад ауданында жеке үйде бірге тұрған үш университеттің бес студенті қайтыс болды. Олар белгісіз заттан уланып қалған, деп хабарлады Өзбекстанның бас прокуратурасы.

 

Бес студенттің мәйіті 27 ақпанда сағат 20:50-де табылды.

 

«Сот-медициналық сараптаманың алдын ала қорытындысына сәйкес, студенттер белгісіз заттан уланып қалған», — делінген ақпаратта.

 

Юнусабад ауданының прокуратурасы студенттердің қайтыс болу фактісі бойынша «бірнеше адамның өліміне әкеп соққан өрт қауіпсіздігі ережелерін бұзу» бабы бойынша қылмыстық іс қозғады.

 

Тергеу Бас прокуратураның бақылауына алынды.

 

Айта кетейік, 27 ақпанда Түркістан қаласындағы жеке тұрғын үйлердің бірінен әйел мен төрт баланың мәйіті табылды. 40 жастағы әйел және оның 2004, 2006, 2013, 2016 жылы туған балалары иіс тиіп қайтыс болды. Отағасы кәсіпкерлікпен айналысады, ол емделу үшін Шымкент қаласына кеткен. Қаза болғандардың денесі сот-медициналық сараптамадан өткізіліп, туыстарына берілді. Алдын ала болжам бойынша, трагедияға үй ішіндегі пеш себеп болған.

 

 

 

jasqazaq.kz




Көрілген: 327    Пікірлер: 0

дүйсенбі, 01.03.2021, 21:45

Достарыңмен бөліс:

  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2021
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    2019
    2020
    2021
    сәуір
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2 3 4
    5 6 7 8 9 10 11
    12 13 14 15 16 17 18
    19 20 21 22 23 24 25
    26 27 28 29 30