Шартарап

Бет-бейнеңізді сатып, 125 мың доллар табуыңызға болады

  • http://islam.kz/

    http://islam.kz/

Лондондық Geomiq стартапы адамдарға өзінің бет-бейнесі арқылы табыс табуға мүмкіндік тудырып отыр. Яғни, сіз жүзіңізді робот құрастыратын компанияға сатасыз.

 

Сіздің бет теріңізді сыпырып алады екен деп тура мағынасында әрі тым дөрекі түсініп қалмаңыз: бұл арада авторлық құқық туралы сөз болып отыр. Гуманоидтік робот үшін нақты бір адамның бет-бейнесі пайдаланылады. Мәміле құны – 125 мың доллар.

 

Сіз туралы ақпарат барынша құпия ұсталады. Сіздің бейнеңіздегі робот өз бетінше жүріп-тұруы қиын қарт адамдарды күтуші қызметін атқарады.

 

Аталмыш жоба Шанхайдағы венчурлық капитал мен қор есебінен қаржыландырылады. Адамдардың бет-бейнесі пайдаланылған роботтар келесі жылдан бастап құрастырыла бастайды.

 

Бір адамның бет-бейнесі мыңдаған роботта пайдаланылады.

 

Әлбетте, үміткерлер қатаң іріктеледі – белгісіз өлшемдер бойынша. Бұл қалжың емес, мұндай ұсыныс өте сирек кездеседі. Сол себепті, бұл жобаға барынша салмақты көзбен қараңыз.

 

Мыңдаған болашақ андроидқа өзінің жүзін тарту еткісі келетіндер faces@geomiq.com адресі бойынша өтінішін бере алады. 

 

islam.kz




Көрілген: 686    Пікірлер: 0

бейсенбі, 05.03.2020, 09:20

Достарыңмен бөліс:

2
  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:
    9 Наурыз, 17:33
    Мешітте атыс болды

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2020
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    2019
    2020
    наурыз
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1
    2 3 4 5 6 7 8
    9 10 11 12 13 14 15
    16 17 18 19 20 21 22
    23 24 25 26 27 28 29
    30 31