Шартарап

Блогерді TikTok-қа видео түсіріп жатқан кезде абайсызда атып тастады

  • Блогерді TikTok-қа видео түсіріп жатқан кезде абайсызда атып тастады

    Блогерді TikTok-қа видео түсіріп жатқан кезде абайсызда атып тастады

Арелин Мартинес есімді мексикалық блогерді TikTok-қа видео түсіріп жатқан кезде атып кетті, деп хабарлайды Stan.kz ақпарт агенттігі.

Қайғылы оқиға 2 қазанда Мексиканың Чиуауа қаласында, бір топ жастар танымал әлеуметтік желіге салу үшін ұрлау туралы видео түсірген кезде болды. Сценарий бойынша Арелиннің қолдар және көздері байланған, оның жанында екінші "кепілге алынған" адам болған. Сондай-ақ, желіде жарияланған видеода бірнеше адамның атыс қаруын қолданғанын көруге болады.

 Кадрларда жігіттердің біреуі жалған кепілге алынған адамды тізе бүгуге мәжбүрлеп, ал өзі оның желкесіне тапанша тақап тұрғанын көруге болады. Осы уақытта тағы бір жас жігіт Арелин Мартинезті нысанаға алды.

Блогерлердің неліктен түсірілім үшін оқтары бар қаруды қолданғаны белгісіз. Жергілікті БАҚ мылтық "абайсыз" атылды деп жазды.

"Біз қарастыратын гипотезалардың бірі - жастар атыс қаруын оқталмаған деп ойлап, қызды абайсызда атып тастаған", - деді Чиуауа штатының бас прокуроры Сезар Аугусто Пениче Эспехель.

БАҚ-тың хабарлауынша, оқиғадан кейін марқұмның достары оқиға орнынан қашып кеткен. Бойжеткен жерде байланған күйінде табылды. Ол көз жұмған.

"Түсірілім тобының" бір мүшесі оқиға туралы полицияға хабарлады. Құқық қорғау органдары оқ атқан екі күдіктінің жеке басын анықтады. Қазіргі уақытта олардың қамауға алынған-алынбағаны белгісіз. Тергеу жалғасып жатыр.

Арелин Мартинезді жерлеу рәсімі 5 қазанда өтті. Қыз 20 жаста еді.




Көрілген: 667    Пікірлер: 0

жұма, 09.10.2020, 12:11

Достарыңмен бөліс:

  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2020
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    2019
    2020
    желтоқсан
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2 3 4 5 6
    7 8 9 10 11 12 13
    14 15 16 17 18 19 20
    21 22 23 24 25 26 27
    28 29 30 31