Шартарап

"Борат" фильмінің жалғасы туралы тың ақпарат жария болды (видео)

  • Фото: Rex/TikTok

    Фото: Rex/TikTok

Шетелдік БАҚ беттерінде "Борат" фильмінің жалғасы қандай атаумен жария болатыны анықталды. Фильмнің желісі де жалпақ жұртқа жария болған деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ порталы.

 

Фильмнің болжамды атауы тым ұзақ болғандықтан, көпшілік оны әзілге айналдырып үлгерген деп жазады metro.co.uk.

 

Нақтырақ айтсақ, фильм атауы келесідей: "Борат: Вице-премьер Микаель Пенске порнографиялық маймылдың жақында кішірейген Қазақстан ұлтының мүддесі үшін жасаған сыйы" (Borat: Gift Of Pornographic Monkey To Vice Premiere Mikhael Pence To Make Benefit Recently Diminished Nation Of Kazakhstan).

 

Бұл атау Америка жазушылар гильдиясының құжаттарында жария болған.

 

Дереккөз мәліметтеріне сәйкес, алғашқы тест-көрсетілім өткен аптада жасалған.

 

АҚШ бұқаралық ақпарат құралдарының ақпаратына сенсек, сиквелде АҚШ-тың бірнеше белді шенеуніктері бой көрсетеді. Олардың арасында АҚШ вице-преизденті Майк Пенс, Нью-Йорктің бұрынғы мэрі Руди Джулиани және өзгелер бар.

 

Өткен аптада фильмнің актері Саша Барон Коэн құпия түрде фильмнің жалғасын түсіргені анықталды. Ол сценарийді Энтони Хайнс, Дэн Свимер, Питер Бэйнхэм, Эрика Ривиноха, Дэн Мэйзер, Джена Фридман және Ли Кернмен бірге жазып шыққан.

 

Фильм желісінде коронавирус індеті, Дональд Трамп пен Джеффри Эпштейннің төңірегіндегі сексуалдық дау-дамай сөз етіледі. Желіге сәйкес, Борат Сағдиев тым танымал болып кеткендіктен, өз тұлғасын жасырып, танымал адамдардан сұхбат алуға шығады деген ақпарат пайда болды. Десе де өзге дереккөз бұл ақпаратты жоққа шығарып отыр.

 

Фильмнің тұсаукесері қашан болатыны белгісіз.

 

 




Көрілген: 566    Пікірлер: 0

сейсенбі, 29.09.2020, 03:19

Достарыңмен бөліс:

  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2020
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    2019
    2020
    қазан
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2 3 4
    5 6 7 8 9 10 11
    12 13 14 15 16 17 18
    19 20 21 22 23 24 25
    26 27 28 29 30 31