Шартарап

Бразилияда Covid-19 пациенттеріне оттегі жетіспей жатыр

  • Бразилияда Covid-19 пациенттеріне оттегі жетіспей жатыр

    Бразилияда Covid-19 пациенттеріне оттегі жетіспей жатыр

Бразилияның Манаус қаласының (Амазонас астанасы) тұрғындары билікті санитарлық дағдарысты жеңе алмады деп айыптап отыр. Жергілікті ауруханаларда Covid-19 ауыр түріне шалдыққан науқастарға оттегі жетіспейді, деп хабарлайды Euronews.

 Науқастардың туыстары оттегі баллондарын алып, оларды клиникаға жеткізу үшін ұзын-сонар кезекке тұруға мәжбүр. Өткен жылдың 26 ақпанында инфекцияның алғашқы жағдайы расталған Бразилия АҚШ пен Үндістаннан кейін ең көп вирус жұқтырған мемлекеттер тізімінде үшінші орында. Билік Амазонастағы кейбір ауыр науқастарды елдің басқа аймақтарындағы медицина мекемелеріне ауыстыруға шешім қабылдады. 60 шақалақты жаңа туған нәрестелерге арналған бөлімшелерде емдеу үшін Манаустан ауыстырды. Республика Президенті Джейр Болсонару оттегі проблемасы бар екендігін мойындайды: «Біз қашанда қолдан келер көмекті аямаймыз. Манаустағы жағдай қиын. Дегенмен жұмыстың бізге тиесілігі бөлігін орындадық». Бразилия әуе күштерінің ұшағы Амазонас ауруханаларына тоғыз оттегі баллонын апарды. Соңғы бес күнде штаттың ауруханаларына 400-ге жуық баллон жеткізілді. Айта кетсек, өткен аптада Бразилияда коронавирус инфекциясының 360 мыңға жуық жағдайы тіркелген болатын.




Көрілген: 441    Пікірлер: 0

жексенбі, 17.01.2021, 15:58

Достарыңмен бөліс:

  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:
    25 Ақпан, 23:48
    Жер сілкінді

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2021
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    2019
    2020
    2021
    наурыз
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2 3 4 5 6 7
    8 9 10 11 12 13 14
    15 16 17 18 19 20 21
    22 23 24 25 26 27 28
    29 30 31