Шартарап

Бірден селфи жасап, желіде жариялаған: Жол апатына ұшыраған қыз ерніндегі далап үшін уайымдаған

  • Бірден селфи жасап, желіде жариялаған: Жол апатына ұшыраған қыз ерніндегі далап үшін уайымдаған

    Бірден селфи жасап, желіде жариялаған: Жол апатына ұшыраған қыз ерніндегі далап үшін уайымдаған

АҚШ-тың Чикаго штатында тұратын Тэрин Элис апатқа ұшырағаннан кейін түскен суретін желіде жариялап, танымалдыққа ие болды. Ол жол апатынан соң өзінің амандығынан бұрын, ерніндегі далап үшін уайымдапты.


Жол апатына ұшыраған қыз өзінің амандығынан бұрын ерніндегі далап үшін уайымдаған


Сол күні Тэрин өз жұмыстарымен жүргенде, өзінің алдында келе жатқан көлік кенеттен тоқтаған. Тэрин көлігін тоқтатып үлгермей, оның артына соғылыпты, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі Daily Mail басылымына сілтеме жасап. 


Тэрин апаттан кейін қауіпсіздік жастығынан далаптың ізін байқаған. Сол кезде ол өзінің беті қандай күйде екенін ойлап, бірден айнаға қарапты. Алайда ерніндегі далап сол күйі қалған екен. Тэрин бірден селфи жасап, суретін «Твиттерде» жариялайды.


«Егер Джеффри Стардың далабы қаншалықты тұрақты екені біреуге қызық болса – мен жаңа ғана апатқа ұшырадым және қауіпсіздік жастығында далаптың ісі қалды. Алайда бетіме жағылмаған», - деп жазған Тэрин.


Жол апатына ұшыраған қыз өзінің амандығынан бұрын ерніндегі далап үшін уайымдаған


Желі қолданушылары Тэрин үшін алаңдауы керек пе әлде оның өзінен бұрын, сырт келбеті үшін уайымдағанына күлу керек пе, ұқпай қалды. 


 


Пікір қалдырушылардың бірі жастықта далаптың ізі қалса, оның айтарлықтай тұрақты болмағанын жазған. Алайда Тэрин оған қарсы пікір жазып, таңертең сағатына 3 шақырым жылдамдықпен келе жатқанда жігітінің бетінен сүйгенін және оның бетінде далаптың ізі қалмағанын айтты. Ал сағатына 320 шақырым жылдамдықта қауіпсіздік жастығы бетіме тигенде, косметиканың ізі қалғаны таңғаларлық емес, дейді ол.

 




Көрілген: 1504    Пікірлер: 0

сенбі, 04.05.2019, 16:36

Достарыңмен бөліс:

2
  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2019
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    2019
    қараша
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2 3
    4 5 6 7 8 9 10
    11 12 13 14 15 16 17
    18 19 20 21 22 23 24
    25 26 27 28 29 30