Шартарап

Бұрынғы бас прокурордың үйі 1 миллион долларға сатылмақ

  • http://www.zamana.kz/

    http://www.zamana.kz/

Өзбекстанның бұрынғы бас прокуроры Рашид Қадыровтың үйі аукцион арқылы саудаға шығарылды. АҚШ валютасына шаққанда оның құны 1 миллион доллардан асып тұр.


 


Жарияланған деректерге қарағанда, бұл нысанның жалпы аумағы 835 шаршы метрді құрайды. Үй он бөлмелі. Оның құжаттары Қадыровтың әйелінің атына тіркелген.


 


Электронды аукционда үйдің құны 10 миллиард сум деп көрсетіліпті. (Бұл шамамен 407 миллион теңге болады).


 


...Р.Қадыровтың жасы қазір 67-де. Ол кезінде Өзбекстандағы ең бай адам санал­ған. Жарияланған кей мәліметтерде байлығы 1 миллиард доллардан асады деп айтылып жүрді. Бірнеше шет елдерде жылжымайтын мүлік, активтері бар деп айтылатын.


Ол 2000-2015 жылдар аралығында Өзбекстанның Бас Прокуроры болып қатарынан үш мәрте тағайындалған. 2015 жылдың сәуір айында отставкаға шыққан, кейін Конституциялық Соттың мүшесі болып жүрді.


Өткен жылғы ақпан айында қамауға алынды. Биылғы қаңтар айында соты басталып, ол 10 жылға бас бостандығынан айыру жазасына кесілді. Оған 100 миллион сумнан аса айыппұл салынды.


Р.Қадыровқа Өзбекстан Қылмыстық Кодексінің «қызметтік өкілеттігін теріс пайдалану», «пара алу», «бопсалау», «ұйымдасқан топ құру» деген сияқты – барлығы 12 бабы бойынша айыптар тағылған болатын.


 zamana.kz




Көрілген: 653    Пікірлер: 0

бейсенбі, 28.11.2019, 15:25

Достарыңмен бөліс:

2
  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2020
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    2019
    2020
    қаңтар
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2 3 4 5
    6 7 8 9 10 11 12
    13 14 15 16 17 18 19
    20 21 22 23 24 25 26
    27 28 29 30 31