Шартарап

БҰҰ Таулы Қарабаққа қатысты пікір білдірді

  • https://blogs.un.org/

    https://blogs.un.org/

БҰҰ бас хатшысы Антониу Гутерриш Таулы Қарабақтағы қақтығысқа қатысы бар тараптарды "әскери әрекетті жедел тоқтатып" келіссөз өткізуге шақырды. 

БҰҰ бас хатшысының өкілі таратқан хабарламада Гутерриштің Армения және Әзербайжан басшыларымен телефон арқылы әңгімелесетіні жазылған.

Арменияның ресми түрде қақтығысқа қатысы жоқ, алайда Ереван өзін республика деп жариялаған, Әзербайжаннан тәуелсізбін деп есептейтін Таулы Қарабақты ашық қолдайды.

Әзербайжан әскерінің шабуылы жексенбі күні таңертең басталды. Әзербайжан әскери басшылығы мұны "контр шабуыл" деп атады. Олардың сөзінше, алдымен Армения әскери күштері оқ жаудырған. Майданнан қайшылыққа толы хабар тарап жатыр, екі тарапта өзін қарсыласының көбірек зардап шеккенін мәлімдеп жатыр.

Өзін республика деп жариялаған Таулы Қарабақ басшысы Араик Арутюнян жексенбі күні армян жағында ондаған адам қаза тауып, жарақаттанды деп хабарлады. Армения қорғаныс министрлігі Әзербайжан жақта 200-ге жуық адам қаза болды деп мәлімдеді. Әзербайжан жағы адам шығыны жайлы айтпады.

Арутюнян Түркияны қақтығысқа араласты деп айыптады. Оның сөзіне қарағанда әзербайжан күштері түріктің ұшқышсыз басқарылатын ұшу аппараттарын пайдаланған.

Түркия президенті Режеп Тайып Ердоған бұған дейін Әзербайжанды қолдайтынын білдіргенмен, Анкараның қақтығысқа араласу ниеті жайлы айтпаған.

БҰҰ бас хатшысынан бөлек, конфликтіні реттеу жөніндегі Минск тобына кіретін Франция, Ресей және АҚШ атысты тоқтатуға шақырған. АҚШ мемлекеттік хатшысының бірінші орынбасары Стивен Биган Әзербайжан және Армения сыртқы істер министрлерімен телефон арқылы сөйлескен кезде АҚШ-тың осы ұстанымын жеткізген.

BAQ.KZ




Көрілген: 303    Пікірлер: 0

сейсенбі, 29.09.2020, 03:44

Достарыңмен бөліс:

  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2020
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    2019
    2020
    қазан
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2 3 4
    5 6 7 8 9 10 11
    12 13 14 15 16 17 18
    19 20 21 22 23 24 25
    26 27 28 29 30 31