Шартарап

"Чипсы" диетасына отырған ару 32 жасында қайтыс болды

  • https://newsvideo.su/

    https://newsvideo.su/

Ағылшынның Уинчестер қаласында екі баланың анасы қуырылған қытырлақ картопқа (чипсы) негізделген диетадан көз жұмды. Әйел көкөністерді ешқашан жемеген, тез әзірленетін фастфудпен тамақтанған. Чипсы және наггетстермен ауқаттанғанды артық көрген. Бұл туралы Daily Mail басылымының сайтында хабарланды.

Шарлотта Брод бала кезінен бастап чипсы, тауық етінен жасалған наггетстер, крекер және басқа да фастфудпен тамақтануды жөн көрген. Оның үстіне, әйел ешқашан көкөністерді жеген емес. Таңдамалы тамақтанудың бұзылуына байланысты осындай рационға көшуі мүмкін.

Қыздың ата-анасы бұл аурумен күресуге тырысып баққан. Алайда олардың әрекеттері сәтсіз болды. Тіпті Брод жүктілік кезінде де кеңінен тек қуырылған картоп жеп, газдалған су ішкен.

Британиялық әйел емханаға барып дәрігерлердің көмегіне жүгінген екен. Бірақ дәрігерлер оған көмектесе алмады. 2019 жылы мамандарға барып қаралған кезде, олар егер диетасын өзгертпесе, өлетінін айтқан екен.

Броддың денсаулығы күрт төмендеп, жағдайы қиындай түскенде оның сүйіктісі әйелді емделуге көндірген. Шарлотта Брод үш аптадан кейін 32 жасында толыққанды тамақтанбаудан қайтыс болды.

Вaq.kz 




Көрілген: 331    Пікірлер: 0

бейсенбі, 16.01.2020, 14:22

Достарыңмен бөліс:

  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:
    24 Қыркүйек, 08:51
    Қауіпті маса пайда болды

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2020
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    2019
    2020
    қыркүйек
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2 3 4 5 6
    7 8 9 10 11 12 13
    14 15 16 17 18 19 20
    21 22 23 24 25 26 27
    28 29 30