Шартарап

Дастарханның үстіне шығып, нанды басып, сарқыт жинаған жігіттер жаға ұстатты (видео)

  • Видео кадры

    Видео кадры

Әлеуметтік желіде дастарқанды басып, сарқыт жинаған жігіттердің әрекеті жұрттың ашуына тиген болатын. Sputnik Қырғызстан агенттігінің мәліметінше, видео Қырғызстандағы отырыстардың бірінде түсірілген.


Ролик Facebook желісінде жылдам таралып жатыр. Видеодан екі жігіт сарқыт жинау үшін нан мен бауырсақ тұрған дастарқанға аяқпен шығып кеткенін көруге болады. Осылайша олар үстелдің қарсы бетіндегі тәттілерді де пакетке салып алған. Бұл кезде қалған қонақтар шек-сілесі қатып күліп жатса, әйел адам пакет таратып жүреді.



Нанды басқан кімдер?


Әлеуметтік желідегілер бұл қыз ұзату кезінде қалыңдықтың үйінде болған оқиға деп жазып жатыр, айтуларынша, "аш"жігіттер күйеудің достары болса керек.


Желі қолданушылары жігіттердің бұл әрекетін айыптап, ұнамсыз пікір қалдырып жатыр.


 




Көрілген: 815    Пікірлер: 0

жұма, 19.04.2019, 09:38

Достарыңмен бөліс:

  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2019
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    2019
    шілде
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2 3 4 5 6 7
    8 9 10 11 12 13 14
    15 16 17 18 19 20 21
    22 23 24 25 26 27 28
    29 30 31