Шартарап

ДДҰ әлемде коронавирус жедел тарап жатқанын мәлімдеді

  • ДДҰ әлемде коронавирус жедел тарап жатқанын мәлімдеді

    ДДҰ әлемде коронавирус жедел тарап жатқанын мәлімдеді

Алты ай бұрын әлемде алғаш тіркелген індет жұқтырғандар саны бүгінде он миллионға жетіп, 500 мың адам қайтыс болды

 

Әлемнің кейбір елдерінде жағдайдың жақсарғанына қарамастан, COVID-19 пандемиясының таралуы үдей түсуде, деп мәлімдеді Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының бас директоры Тедрос Адханом Гебрейесус.

 

"Кейбір елдер экономикалық қызметтерді іске қосып, әлеуметтік өмірге оралғаннан кейін жағдай ушығып кетті. Адамдардың көпшілігі әлі де вирус ошағында қалып отыр. Оның қайта өршу қаупі бар. Ең ауыры сол – жағдай әлі еңсерілген жоқ", – деген Гебрейесустың сөзін РИА Новости жариялады.

 

ДДҰ бас директоры 30 маусымда Қытайдан тараған пневмония сияқты белгісіз дерттің өршуі туралы алғашқы деректердің тіркелгеніне алты ай болғанын атап өтті.

 

"Осы алты ай ішінде әлемде індет жұқтырғандар саны он миллионға жетіп, 500 мың адам қайтыс болды", - деді ол.

 

Бұған дейін Тедрос Адханом Гебрейесус әлем пандемияның жаңа және қауіпті кезеңіне аяқ басқанын мәлімдеген. Оның пікірінше, көптеген адамдардың "үйде отырып шаршағанынан" вирус тез таралып, соңы қайғылы жағдайға ұласуда.

 

Айта кетейік, Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының баяндамасында инфекцияның жедел таралуы аталған 11 елдің ішінде Қазақстан да бар.

 

sputniknews.kz




Көрілген: 226    Пікірлер: 0

сейсенбі, 30.06.2020, 09:45

Достарыңмен бөліс:

  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2020
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    2019
    2020
    шілде
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2 3 4 5
    6 7 8 9 10 11 12
    13 14 15 16 17 18 19
    20 21 22 23 24 25 26
    27 28 29 30 31