Шартарап

Дональд Трамп импичментте ақталып шықты

  • Дональд Трамп импичментте ақталып шықты

    Дональд Трамп импичментте ақталып шықты

АҚШ Сенаты экс-президент Дональд Трампты импичмент рәсімінде ақтап шықты. Айыптау қорытындысын шығару үшін дауыс жетпеді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі "Голос Америки" сайтына сілтеме жасап. 

Импичмент жақтаушылары республикашыл сенаторларды бұрынғы президент 6 қаңтарда Конгресте болған бүлікке кінәлі деп сендіре алмады.

 
Сенбіде Трампқа үкім шығаруға 57 сенатор, оның ішінде жеті республикашыл дауыс берді және 43 заңшығарушы қарсы шықты. Айыптау үкімін бекіту үшін сенаторлардың кемінде үштен екісі, яғни 60 адам дауыс беруі керек еді.

Reuters мәліметінше, Сенат залында дауыс беру кезінде және одан кейін де хаос болған. Көптеген сенатор абдырап қалды, Рон Джонсон мен Митт Ромни жанжалдасып та алды. 

Трамптың өзі сәтсіз импичмент процесін "жалмауыз кемпірлерге аңшылық" деп атады және "Америка ұлылығын арттырудағы жолын жалғастыруға" уәде берді.

"Бұл еліміздің тарихындағы жалмауыз кемпірлерге ең үлкен аңшылықтың тағы бір кезеңі. Ешқандай президент мұндайды басынан өткермеген", - делінген экс-президенттің мәлімдемесінде.

"Алдағы айларда сіздермен көп нәрсе бөлісемін және Американы ұлы етуге бүкіл халқымыз үшін бірлескен жолымызды жалғастырамын деп үміттенемін. Алда жұмыс көп, жақын арада Американың жарқын, шексіз болашағы туралы тұжырымдамамызды ұсынамыз", - деп қосты Трамп.




Көрілген: 371    Пікірлер: 0

жексенбі, 14.02.2021, 17:48

Достарыңмен бөліс:



  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2021
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    2019
    2020
    2021
    сәуір
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2 3 4
    5 6 7 8 9 10 11
    12 13 14 15 16 17 18
    19 20 21 22 23 24 25
    26 27 28 29 30