Шартарап

Дубайда әлемдегі ең биік әткеншек бой көтерді (фото, видео)

  • Фото: whatson.ae

    Фото: whatson.ae

Әлемдегі ең биік әткеншек Дубайдағы (БАӘ) Bollywood Parks ойын-сауық орталығында орнатылды, деп хабарлайды Azattyq Rýhy «Известия» басылымына сілтеме жасап.

 

Айта кетерлігі, аталмыш ойын-сауық орталығы былтыр көктемде пандемияға байланысты жабылып қалған болатын, дегенмен, осы уақытқа дейін орталықта күрделі жөндеу жұмыстары жүргізіліп, әткеншектердің көбі соңғы үлгідегі түріне ауыстырылыпты. Сондай әткеншектердің бірі &ndash биіктігі 140 метрге жететін Bollywood Skyflyer тізбекті әткеншегі. Ол бұған дейін Гиннестің рекордтар кітабына енген әткеншектен 18 метрге биік болып шықты. 

 

«Әуе төрінде қалықтап ұшуға батылы жеткен жанның бәрі ойын-сауық орталығының көз жауын алар көркем көрінісі мен оның айналасындағы ғажап ғимараттарды биіктен тамашалай алмақ», - деп жазады Themepark-central басылымы.

 

Орталыққа келушілер үшін сонымен қатар, америкалық төбешіктер, биіктігі 55 метрлік шолу дөңгелегі мен үнділердің ұлттық тағамын ұсынатын арнайы аллея да ашылған.

 

Айта кетерлігі, барлық әткеншектерде үнді мәдениеті мен сәулет өнерінің нақыштары бейнеленген.

 

 

 




Көрілген: 393    Пікірлер: 0

жексенбі, 24.01.2021, 18:28

Достарыңмен бөліс:

  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:
    25 Ақпан, 23:48
    Жер сілкінді

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2021
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    2019
    2020
    2021
    наурыз
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2 3 4 5 6 7
    8 9 10 11 12 13 14
    15 16 17 18 19 20 21
    22 23 24 25 26 27 28
    29 30 31