Шартарап

"Дұға жасаудамыз": 14 жасар қыз маса шаққаннан кейін сирек кездесетін дертке шалдықты

  • "Дұға жасаудамыз": 14 жасар қыз маса шаққаннан кейін сирек кездесетін дертке шалдықты

АҚШ-тың Мичиган штатында 14 жастағы қыз маса шаққаннан кейін сирек кездесетін дертке шалдықты.


Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі Inside Edition басылымына сілтеме жасап хабарлайды.


14 жастағы Саванна ДеХарт тамыз айының басында басының қатты ауыратынын сезе бастаған. Арада бірнеше күн өткеннен кейін оның қызуы көтеріліп, буындары ауырыпты. Осыдан кейін ДеХарт ауруханаға жеткізіліп, дәрігерлер оған аттардың шығыс энцефалитінің вирусы диагнозын қояды.


Белгілі болғандай, бұл вирусты масалар тасымалдайды екен.


Қазіргі уақытта қызға жасанды тыныстандыру құрылғысын қосқан.

Оның анасының сөзінше, қызының миы вирустан өздігінен емделуге тырысуда. Сондықтан ДеХарт ес-түссіз күйде жатыр. Алайда денесіне қолыңды тигізсең, жауап бере бастады, дейді анасы.


«Біз онымен және күн сайын жасап жатқан кішігірім қадамдарымен мақтанамыз. Дәрігерлер жақын уақытта жасанды тыныстандыру құрылғысын өшіруді жоспарлап отыр. Бәрі жақсы өтуін тілеп, дұға жасаудамыз», - дейді әйел.




Көрілген: 479    Пікірлер: 0

дүйсенбі, 02.09.2019, 16:15

Достарыңмен бөліс:

2
  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2019
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    2019
    қыркүйек
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1
    2 3 4 5 6 7 8
    9 10 11 12 13 14 15
    16 17 18 19 20 21 22
    23 24 25 26 27 28 29
    30