Шартарап

Екі бірдей штаммды қатар жұқтыру қауіпті ме?

  • Екі бірдей штаммды қатар жұқтыру қауіпті ме?

    Екі бірдей штаммды қатар жұқтыру қауіпті ме?

Кейде емделушінің организмінде екі немесе одан да көп коронавирус инфекциясының штаммдары болуы мүмкін.
Бір уақытта коронавирустың екі бірдей штаммын жұқтырып алу қаупі туралы Ресей Ғылым академиясының академигі, Роспотребнадзор эпидемиология ғылыми-зерттеу институтының бөлім меңгерушісі Вадим Покровский интервью барысында айтты, деп хабарлайды Sputnik-кz.

Маман Ресейде және басқа елдерде анықталған коронавирустық инфекцияның басым көпшілігі бір штамммен жүретінін айтты. Бірақ кейде адамның организмінде екі немесе одан да көп коронавирус инфекциясының қоздырушы штаммдары болуы мүмкін.

Мұндай жағдайлар кездесіп тұрады, бірақ адам жұқтырған штаммдардың саны аурудың ауырлығына әсер етпейді, деп түсіндірді Вадим Покровский.
"Инфекцияның екі штаммын жұқтыру өлімге алып келеді деп салды суға кетіруге әсте болмайды. Бұл туралы әсіре алаңдаудың қажеті жоқ, өйткені штамдардың айырмашылығы бір-бірін күшейтетіндей соншалықты үлкен емес" ,-деп түсіндірді ғалым.

 
COVID-19 екі штамын жұқтырған жағдайда өлім-жітімнің жоғарылауын растайтын статистика жоқ, деп атап өтті Ресей ғылым академиясының академигі.

"Теориялық жағдайда адам денесінде екі, үш тіпті төрт штамм болуы мүмкін. Мұндайға жағдайға көп қауіпсіздік қағидаларын ұмыт қалдырғанда жетуге болады мысалы, кейбір спорттық іс-шараларға барып, ұзақ уақыт бойы көрермендер арасында маскасыз жүру деген секілді. Мұндай кезде бірнеше штаммды жұқтырып алу қаупі бар. Бірақ бұл аурудың ағымын күшейтетіні туралы ешқандай дәлел жоқ" ,- деді Роспотребнадзор эпидемиология ғылыми-зерттеу институтының бөлім меңгерушісі. 

Коронавирустық инфекцияның жағымсыз салдары үшін бір ғана штамм жеткілікті, деп қосты ол. Сонымен қатар, қауіпті вирусқа қарсы вакцинациядан жақсы қорғаныс әлі ойлап табылған жоқ. 




Көрілген: 656    Пікірлер: 0

сейсенбі, 27.07.2021, 11:06

Достарыңмен бөліс:





  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:
    19 Қыркүйек, 12:32
    Әлемде эпидахуал қандай?

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2021
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    2019
    2020
    2021
    қыркүйек
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2 3 4 5
    6 7 8 9 10 11 12
    13 14 15 16 17 18 19
    20 21 22 23 24 25 26
    27 28 29 30