Шартарап

Елордалық оқушы II Елизавета патшайымнан хат алды

  • Елордалық оқушы II Елизавета патшайымнан хат алды

    Елордалық оқушы II Елизавета патшайымнан хат алды

Нұр-Сұлтан қаласының оқушысы Расул Жұмабеков патшайым II Елизаветадан хат алды. Конвертте 16 жастағы жасөспірімнің 2020 жылдың соңында жіберген хатына жауап жазылған, - деп хабарлайды Tengrinews.kz.

Расул алдымен патша отбасының тарихына қызыға бастаған. Кейін патшайымға хат жазуды ұйғарған.

«Интернетте бір видеоны көріп қалдым, онда ролик авторына патшайым Елизавета II-ден хат келеді. Осыдан кейін мен де өзім туралы, қазақстандық оқушы екенімді айтып, хат жазуға бел будым. Қазақ ұлттық хореография академиясында балетпен айналысатынымды, сондай-ақ, футбол, фортепианода ойнауға қызығатынымды жаздым. Хатта патшайымның денсаулығын сұрап, оған бар жақсылықты тіледім», - дейді Расул Жұмабеков.

Ол Ұлыбритания және Солтүстік Ирландия патшайымы II Елизаветаға хатты 2020 жылдың қазанында жіберген, бірақ жауап күтпегенін айтады. Оны жолдағаннан кейін бақылау мүмкін болмаған соң, Расул конверт жоғалып кеткеніне сенімді болған.

«Маған жауап 6 қаңтарда келді. Патшайымның қолы қойылған жауапхатта ол менің хатыма өте риза болғанын, жағдайы жақсы екенін айтып, маған алғыс білдірді. Осы қиын-қыстау кезеңде маған және туған-туыстарыма жақсылық тіледі», - деді Расул.




Көрілген: 928    Пікірлер: 0

жұма, 07.05.2021, 15:41

Достарыңмен бөліс:



  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2021
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    2019
    2020
    2021
    маусым
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2 3 4 5 6
    7 8 9 10 11 12 13
    14 15 16 17 18 19 20
    21 22 23 24 25 26 27
    28 29 30