Шартарап

Ер адам енесімен көңіл қосып, әйелі перзентханадан оралғанша үйінен қашып кеткен

  • Ер адам енесімен көңіл қосып, әйелі перзентханадан оралғанша үйінен қашып кеткен

    Ер адам енесімен көңіл қосып, әйелі перзентханадан оралғанша үйінен қашып кеткен

Англияның Стоу-на-Волд қаласында ер адам екінші баласын босанғаннан бірнеше күн өткен соң сүйіктісін тастап, оның анасымен көңіл қосты, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі The Sun басылымына сілтеме жасап.

24 жастағы Джесс Олдридж өзінің 29 жастағы жігіті Райан Шелтонмен бірге екінші балаларын күтіп жүрген. Келіншектің 44 жастағы анасы Джорджина мен әкесі Эрик үй шаруасына көмектесу үшін жас отбасымен бірге тұруды жөн көріпті.

 Бірнеше уақыт бірге тұрғаннан кейін келіншектің анасы Джорджина мен сүйіктісі Райанның арасында романтикалық байланыс орнаған.

Джесс 28 қаңтарда екінші баласын кесарь тілігі арқылы дүниеге алып келеді. Екі күннен кейін ол жаңа туған баласымен ауруханадан келгенде, Джорджина мен Райанның көшіп кеткенін анықталады.

Келіншек анасынан жағдайды түсіндіруді сұрағанда, махаббат жасқа қарамайтынын айтыпты. 

"Бұл нағыз сатқындық. Ол маған екі баламды бағуға көмектесуі керек еді, бірақ ол менің жігітіммен көңіл қосты", - деп ашынды келіншек. 

Джесс анасы мен Райан арасындағы сезім барын білгенін, бірақ оған сенгісі келмегенін айтады. Келіншек күйеу баласымен кешкі асты да бірге ішіп, ашық түрде көңіл көтеріп жүрген көрінеді.

Джорджина мен Райан алты ай бойы жасырын түрде кездескен. 




Көрілген: 1514    Пікірлер: 0

жексенбі, 21.02.2021, 12:35

Достарыңмен бөліс:



  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2021
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    2019
    2020
    2021
    сәуір
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2 3 4
    5 6 7 8 9 10 11
    12 13 14 15 16 17 18
    19 20 21 22 23 24 25
    26 27 28 29 30