Шартарап

Ер адам көлік нөмірінің арқасында мол олжаға кенелді

  • © Sputnik / Абзал Калиев.

    © Sputnik / Абзал Калиев.

АҚШ-тың Коннектикут штатындағы Хеброн қаласының тұрғыны көлік нөмірінің арқасында мыңдаған доллар ұтып алды, деп хабарлайды UPI ақпарат порталы.

Өткен жылдың желтоқсан айында Джеффри Уорд дүкенге бара жатып, 2137 нөмірі бар көлікті көрген. Ол дәл осындай сандары бар лотерея алуды шешкен. Барлығы 10 билет алыпты.

Нәтижесінде Уордтың әрбір билеті ұтысқа ие болды. Ақшалай сыйлықтың жалпы сомасы - 50 мың доллар (18 миллион теңгеден астам). Жеңімпаз 10 мың долларды қызына сыйлады. Ал қалған ақшаны сақтап қоюды жөн көрген.

Айта кетсек, өткен жылдың қазан айында қазақстандық Хуссейн Еремешев Dubai Duty Free дүкені өткізген лотереядан бір миллион доллар ұтып алған болатын.

Еремешев 313-ші сериядағы 3 614 нөмірлі билетті дүкеннің сайтынан сатып алған. Билеттің құны – 272 доллар.

sputnik 




Көрілген: 332    Пікірлер: 0

жұма, 17.01.2020, 16:31

Достарыңмен бөліс:

2
  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2020
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    2019
    2020
    ақпан
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2
    3 4 5 6 7 8 9
    10 11 12 13 14 15 16
    17 18 19 20 21 22 23
    24 25 26 27 28 29