Шартарап

Ер адам планшетін сындырған 5 жасар жиенінің саусақтарын кесіп тастаған

  • КӨРНЕКІ ФОТО.  https://ok.ru/

    КӨРНЕКІ ФОТО. https://ok.ru/

Ресейдегі Бурятияда жергілікті тұрғын планшетті сындырғаны үшін бес жастағы жиенінің саусақтарын кесіп алды. Бұл туралы тергеу комитетінің осы аймақ бойынша баспасөз қызметі мәлім етті, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.

 

Тергеу мәліметтері бойынша, 31 тамызда қыз әкесімен және оның бауырымен бірге Байкал ауданының Покровка ауылының маңына шөп шабуға барған. Кешке қарай ресейліктер алкоголь іше бастаған, содан кейін әкесі үйіне кетіп, баласын 47 жастағы туысының қасына тастап кеткен.

 

Ағасы қызға планшетін берген, ол ойнап, байқаусызда құлап, құрылғыны сындырған. Ер адам ашуланып, баланың қолын бөренеге қойып, оны балтамен ұрып, екі саусағын жарақаттады.

 

Содан кейін ол қызды үйге әкеліп, аулада қалдырып кеткен. Ата-анасы қолы қанға боялған жылап жатқан баласын көріп, жедел жәрдем шақырған. Дәрігерлер саусақтардың бірінің фалангасын тіге алды.

 

Ер адамға Ресей Қылмыстық Кодексінің “Денсаулыққа қасақана орташа ауырлықтағы зиян келтіру” бабы бойынша қылмыстық іс қозғалды.

 

Тергеу аяқталды, бекітілген айыптау қорытындысымен қылмыстық іс сотқа жолданды.

 

 

 

 




Көрілген: 669    Пікірлер: 0

сейсенбі, 15.06.2021, 18:47

Достарыңмен бөліс:





  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:
    26 Шілде, 11:00
    Ірі метеорит құлады

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2021
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    2019
    2020
    2021
    тамыз
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1
    2 3 4 5 6 7 8
    9 10 11 12 13 14 15
    16 17 18 19 20 21 22
    23 24 25 26 27 28 29
    30 31