Шартарап

Гамбургер ішінен адам саусағы шыққан

  • https://stan.kz/

    https://stan.kz/

Боливияның Санта-Крус-де-ла-Сьерра қаласының тұрғыны кафеден сатып алған гамбургерден адам саусағын тауып алды, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі Market Research Telecast сайтына сілтеме жасап.

 

Оқиғаны тергеу кезінде әйелдің "Керемет гамбургер" деп аталатын тағамға тапсырыс бергені анықталды. Әйел гамбургерге тісін батырғаны сол еді, арасынан адамның сұқ саусағы шыға кеткен.

 

"Бізде гамбургердің осы мекемеде сатылғанын және оның ішінде адам саусағының қалған бөлігі табылғаны туралы растау қағазы бар", – деді тұтынушылардың құқықтарын қорғау жөніндегі вице-министр Хорхе Сильва.

 

Алдын ала мәліметтер бойынша, оқиғадан екі күн бұрын 20 мейрамхана желілерінің тартылған ет өндіруге жауапты жұмысшыларының бірі оқыс оқиғадан екі саусағынан айырылған. Қызметкерді жеке ауруханаға жатқызған.

 

Ер адам гамбургерге арналған 45-80 келі етті әзірлеген. Мекеме басшылығы оқиға болған күні дайындалған ет партиясы тәркіленгенін айтты, сонымен бірге ішкі қызметтік тексеру жүргізілетінін де жасырмады.

 

Әйел адам тағамынан саусақ тауып алған мейрамхана жабылды. Сильва тексерулер ет жіберілген барлық 20 мекемеде жүргізілетінін қосып өтті.

 

 

 

 




Көрілген: 507    Пікірлер: 0

жұма, 17.09.2021, 20:04

Достарыңмен бөліс:





  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2021
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    2019
    2020
    2021
    қазан
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2 3
    4 5 6 7 8 9 10
    11 12 13 14 15 16 17
    18 19 20 21 22 23 24
    25 26 27 28 29 30 31