Шартарап

Ғашық болған жігіт әйелін тастап, енесімен қашып кетткен (фото)

  • Фото: Jon Rowley / The Sun Т

    Фото: Jon Rowley / The Sun Т

Ұлыбританияда енесіне ғашық болып қалған ер адам, онымен көңіл жарастырып, жаңа туған нәрестесі мен әйелін тастап кетті деп жазады The Sun басылымы. 24 жастағы Джесс Олдридж (Jess Aldridge) бір сәтте анасы мен күйеуінен қалайша айырылғанын айтып берді.

 

 

Оның сөзіне сенсек, коронавирус салдарынан күні бойы бір үйге қамалған анасы мен күйеуі ақыры көзіне шөп сала бастаған. Джесс аяғы ауыр болғандықтан, 29 жастағы күйеуі Райан Шелтонмен және 1,5 жасар баласымен бірге локдаун кезінде ата-анасының үйінде тұруды ұйғарған екен. Себебі, ол 44 жастағы анасы Джорджина мен 56 жастағы әкесі Эрик екінші баласы дүниеге келгенде өзіне қолдау білдіреді деп күткен.

 

"Біз айлар бойы бір үйде тұрдық. Бұл ауыр болды, себебі Райан мен анам екеуі күнде бірге ішімдік ішіп, қалжыңдасып отырғанда мен өзімді біртүрлі сезінетінмін. Әкем екеуіміз сол уақытта диванда теледидар қарап отыратынбыз", - дейді Джесс.

 

 

28 қаңтар күні Джесс кесар тілігі арқылы ұл баланы дүниеге әкеледі. Ол ұлына Рубен деген есім береді.

 

Ал күйеуі болса, сол уақытта тек екі рет перзентханаға аз уақытқа келген екен.

 

30 қаңтарда Джесс күйеуінен мүлде күтпеген хабарлама алады. Хабарламада Райан одан мезі болғанын және айырылысуға ниетті екені жазған екен. Содан кейін күйеуі асығыс жүктерін жинап, енесімен бірге өзге қалаға көшіп кетеді.

 

 

"Үйіме келгенде олардың барлық заттары жоғалып кеткенін көрдім. Райан анаммен бірге екенін білдім. Олар тек келесі күні ғана көңіл жарастырып, қашып кеткендерін мойындады", - дейді Джесс.

 

Әкесі Эрик те, Джесстің өзі де, мұндай сатқындықтан кейін қатты күйзеліске түскендерін жасырмады.

 

"Ол менің әкемді тастап кетті. Әкем мұны ауыр қабылдап, күйзеліске түсті. Олар жарты жыл бойы бізге опасыздық жасап келген екен. Жиіркенішті. Оларды көрместей күйге түстім. Анам немересіне ғашық болады деп күттім. Ал ол болса күйеуіме ғашық болып қалды. Бұл - сатқындықтың асқан шегі. Бір сәтте анамнан да, балаларымның әкесінен де айырылып отырмын", - дейді Джесс.

 

 

Енді бойжеткен екі баласымен бірге жалғыз қалай күн көретінін ойлап, дал болуда. Себебі, бұған дейін отбасын отағасы асырап келіпті.

 

Ал анасы болса, қызымен сөйлесіп, не себепті мұндай опасыздыққа барғанын жөнді түсіндіре алмаған.

 

"Анам ғашық екенін және жүрекке әмір жүрмейтінін айтып, ақталды. Райан да солай деп отыр. Бұл - ауыр соққы. Олар мен босана салысымен бірге қашып кетуді әу бастан жоспарлап келген", - деп әңгімесін аяқтады Джесс.

 

 

kaz.nur.kz/




Көрілген: 496    Пікірлер: 0

дүйсенбі, 22.02.2021, 21:50

Достарыңмен бөліс:

  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2021
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    2019
    2020
    2021
    ақпан
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2 3 4 5 6 7
    8 9 10 11 12 13 14
    15 16 17 18 19 20 21
    22 23 24 25 26 27 28