Шартарап

Германия мен АҚШ қарым-қатынасының тағдыры не болмақ?

  • Германия мен АҚШ қарым-қатынасының тағдыры не болмақ?

    Германия мен АҚШ қарым-қатынасының тағдыры не болмақ?

Американың Берлиндегі елшілігі Германия үкіметіне жаңа шектеу шараларын енгізу жоспары туралы хабарлады, деп жазды БАҚ
Бүгін инаугурациясы өтіп, ел билігін қолына алатын Джо Байден Американың негізгі серіктесі &ndash Германиямен ресейлік газ құбырына қатысты шиеленіскен мәселенің күрмеуін шешуі тиіс.  

Америка Құрама Штаттары "Солтүстік ағын &ndash 2" жобасының құрылысына қатысатын ресейлік "Фортуна" құбыр төсеуші кемеге қатысты санкциялар енгізді. Германиялық БАҚ-тың хабарлауынша, Американың Берлиндегі елшілігі Германия үкіметіне жаңа шектеу шараларын енгізу жоспары туралы хабарлаған.

Бұл ескертуге неміс билігі аса мазасыздана қойған жоқ. Олар бар болғаны "мұны қынжыла отырып, назарға алғандарын" айтты. Бұл бір күн бұрын болған оқиғаның үйлесімді жалғасына айналды.

АҚШ мемлекеттік хатшысының бұрынғы орынбасары және Джо Байденнің сайлау кезіндегі сыртқы саясат жөніндегі кеңесшісі Николас Бернс Американың жаңа әкімшілігінің "Германия үкіметімен және басқа қатысушы елдермен бұл мәселені ақылға сала отырып сөйлесу және талқылау мүмкіндігі" болуы үшін газ құбырына және оның құрылысын тоқтатуға қатысты салынған санкцияларды бір уақытта тоқтата тұру идеясын ұсынды. 

Бұл Бернстің өз бастамасы емес екені айқын. Ол Вашингтон ұсынысын елге жеткізді. Алайда немістер бұл ұсынысқа қол сілтеді. Бундестагтың энергетика комитетінің басшысы Клаус Эрнст Германияның энергетикалық саясатын АҚШ-пен талқылауды "мүлде орынсыз" деп атады. Ол "Солтүстік ағын &ndash 2" құрылысы тек Еуропаға қатысты мәселе екенін және тиісті рұқсаты бар екенін еске салып, оның мейлінше жылдам  салынып бітуіне тілектестік білдірді.

Дональд Трамптың президенттігі ең сәтсіз оқиға ретінде саналатын және демократтар оны қайта тірілтуге ниеттенген Американың соңғы онжылдықтардағы сыртқы саясаты көбінесе жаһандық сипатта бейнеленіп келеді. Онда негізгі және маңыздылығы бірдей қос құрауыш бар &ndash процедуралық-институционалдық және идеологиялық.

Идеология үшін либералды және озық идеялардың ауқымды кешені жауап береді. Олар ЛГБТ мәселесінен бастап адамзаттың етті жеуден бас тартуына дейінгі "аса күрделі" идеялармен айналысады. Мойындау керек, мұны жақтаушылардың идеяны қолдамайтындарға қысым көрсетуі бара-бара күшейіп келеді.

Институционалдық бөлім де көпшілікке жақсы таныс және бұл ұлттық органдардан жоғары ұйымдар, құжаттар мен рәсімдер жүйесі ретінде танылады. АҚШ әлемдегі барлық жағдай мен оқиғалардың өрбуін өзіне пайдалы етуге тырысып, өзінің жаһандық көшбасшылығын біржолата бекітуді мақсат тұтты деген пікір кең тараған және бұл орынсыз емес.

Бір нәрсенің дұрыс болмай жатқаны бұрыннан байқалды. Көптеген ел өздеріне қатысты әділетсіз жүйеде бірде жеңуді, бірде жеңілуді үйренді. Ресей және оның ДСҰ ережелерін өз пайдасына икемдеп сәтті қолдануы осы айтылғанның айқын үлгісі бола алады. Бұл туралы Дональд Трамп төрт жыл бойы қайталаудан танбастан, АҚШ-ты көптеген халықаралық шарттар мен ұйымдардан шығарды: шындығында олар Америка үшін бәрі ойлағандай тиімді емес.

Дәл осы секілді Американың ең жақын серіктесінің бірі &ndash Германия да мұндай әдістерді қолдануға қабілетті екенін көрсетті. Сол себепті Берлин үшін шындықты қақ төбеден қойып қалғандай ашық айтатын, ешкім күтпеген шешімдер қабылдап, АҚШ-ты өз пайдасына қолдануға жол бермеген Трамп тым қолайсыз серіктес болды. Дәл осы себепті ГФР билігі АҚШ-тың жаңа президентін көңілдегі үлкен үмітпен қарсы алып отыр: бұл ойлары мен жоспары бір арнада тоғысатын қарым-қатынасты қайта орнатудың мүмкіндігі. 

"Солтүстік ағын &ndash 2" жобасының айналасында да дәл осы әрекеттер болып жатыр. Соңғы айларда мұхиттың арғы жағындағы санкциялар газ құбырының құрылысына еш кедергі келтірмейтіндей қадамдар жасалды. "Фортунаның" иелері де ауысты. Мекленбург &ndash Алдыңғы Померания жерінің парламенті жобаның операциялық қызметіне көмектесуі тиіс қор құрды.  

Ең қызығы, немістер осы құрылымның арқасында бір оқпен екі қоянды атып алмақшы: құрылысқа қолдау көрсетуден басқа, олар оған ақпараттық және идеологиялық қолдау көрсетеді. Себебі, жаңа ұйым "Мекленбург &ndash Алдыңғы Померания климаты және қоршаған ортаны қорғау қоры" деп аталады және "Германияның климаттық мақсаттарына қол жеткізу" ресми мақсаты болып саналады. Осылайша, экологиялық мәселе күн тәртібіне қойылып отыр. Өйткені ел ішінде "жасыл экономиканы"жақтаушыларды "Солтүстік ағын &ndash 2" жобасы үшін белсенді қолдануда.

Джо Баййденнің командасының алдында күрделі мәселе тұр. Олар Трамп секілді бүкіл әлемге жар сала отырып, стратегиялық маңызы бар серіктесіне санкциялар қолдана алмайды. Себебі, бұл демократтардың батыстағы бірлікті қалпына келтіру туралы ұстанымдарына қарама-қайшы келеді. Әрі Германия АҚШ-тың идеологиялық одақтасы екенін мейлінше білдіруге тырысып жатыр. Мұны немістердің Ресейде Алексей Навальныйды тұтқындауға байланысты наразылығынан байқауға болады.

Немістер мен америкалықтар газ құбыры аясындағы мәселелерді өзара талқылауы бірнеше айға созылуы мүмкін. Олар қандай да бір мәмілеге келгенге дейін "Солтүстік ағын &ndash 2" құрылысы аяқталады да, америкалықтарға қол сермеуге тым кеш болады.

Нәтижесінде Джо Байден президент қызметіне кіріскен алғашқы күннен бастап жаңа әкімшілік аса пайдасыз трампшылдықты немесе идеология тұрғысынан дұрыс, бірақ тиімді емес жаһаншылдықты таңдауы керек болады.
 




Көрілген: 299    Пікірлер: 0

сәрсенбі, 20.01.2021, 23:24

Достарыңмен бөліс:

  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:
    25 Ақпан, 23:48
    Жер сілкінді

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2021
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    2019
    2020
    2021
    наурыз
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2 3 4 5 6 7
    8 9 10 11 12 13 14
    15 16 17 18 19 20 21
    22 23 24 25 26 27 28
    29 30 31