Шартарап

Германияда коронавирустан қайтыс болғандар саны 72-ге жетті

  • https://ria.ru/

    https://ria.ru/

Дертті жұқтырғандар қатары да көбеюде, деп хабарлайды «Хабар 24».

 

Егер апта басында олардың саны 6 мың болса, қазір үш есе артқан. Дәрігерлер күшейтілген тәртіпте жұмыс істеп жатыр.

Кей аудандарда вируспен күреске әскерилер жұмылдырылған.

Үкімет ауруханаларға 3 миллиард доллар бөлуді қарастырып жатыр. Жуық арада елде қанша қаланы карантинге жабатын туралы шешім шығарылмақ. Шара ел астанасы Берлинге де енгізілуі мүмкін.

Індеттің таралуын тоқтату үшін адамдардан қатынасты барынша азайтуды сұрап отыр.

Кёльн, Дортмунд және Бохум қаласында екі адамнан көп кісінің жиналуына тыйым салынды. Бавария мен Саар аймағында комендантық сағат енгізілді.

 

Маркус Зёдер, Бавария премьер-министрі:

 

- Жұқпалы аурудан қорғану заңы бойынша адамдардың жүріп тұруына шектеу енгіздік. Оған сәйкес тұрғындардың қатынауы барынша шектеледі. Азаматтарды жұмысты үйде отырып істеуге шақырамыз. Тұрғындардан үйден шықпауды сұраймыз. Біздің басты мақсатымыз халықты қорғау.

 

Ал ресми дерекке сүйенсек, қазір Германияда дертті жұқтырғандардың саны 20 мыңға жуықтаған. Індетке шалдығу оқиғасының басым бөлігі Солтүстік Рейн-Вестфалия аймағында тіркеліп отыр. Одан кейін Баден-Вюртемберг пен Баварияда. Дерттен тек 120 адам емделіп шыққан.

 




Көрілген: 135    Пікірлер: 0

жексенбі, 22.03.2020, 09:40

Достарыңмен бөліс:

2
  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:
    9 Наурыз, 17:33
    Мешітте атыс болды

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2020
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    2019
    2020
    наурыз
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1
    2 3 4 5 6 7 8
    9 10 11 12 13 14 15
    16 17 18 19 20 21 22
    23 24 25 26 27 28 29
    30 31