Шартарап

Храпуновтарға Швейцарияда қалуға рұқсат етілді

  • Фото: facebook

    Фото: facebook

Швейцарияның Федералдық әкімшілік соты Храпуновтар отбасына елден саяси баспана беру туралы соңғы шешімді қабылдады. Бұл туралы Лейла Храпунова өзінің Facebook парақшасында хабарлады.

 

2020 жылдың 29 желтоқсанында Швейцарияның Федералдық әкімшілік соты Виктор мен Лейла Храпуновтарға оппозициялық-саяси қызметін мойындай отырып, Швейцариядан саяси баспана беру туралы соңғы шешімді қабылдады", - деп жазды Лейла Храпунова.

 

Еске салсақ, 2018 жылдың қазан айында Алматы соты оңтүстік астананың экс-әкімі Виктор Храпуновты сырттай 17 жылға, ал әйелі Лейланы 14 жылға бас бостандығынан айырған болатын.

 

Тергеу анықтағандай, ерлі-зайыптылар мен олардың сыбайластарының қылмыстық іс-әрекеттерінен келтірілген зиян 250 миллион доллардан асқан.

 

Ерлі-зайыптылар бюджеттік қаражатты ірі көлемде жымқыру, мемлекеттік және коммуналдық меншіктен түрлі жылжымайтын мүліктерді иемдену, пара алу және қылмыстық жолмен алынған кірістерді заңдастыру бойынша кінәлі деп танылған.

 

Өткен жылдың қыркүйек айында халықаралық журналистік зерттеулер бірлестігі жария еткен есепте Храпуновтар отбасы 14 жылдан бері - 2003-2017 жылдар аралығында шетелдік банктерге 89 миллион доллар аударғаны айтылды.

 

Ал 2019 жылы Швейцария соты Храпуновтың жүздеген доллар жымқырғаны туралы айыптарды жойып, істі тоқтатқан болатын.

 

Бұл хабар швейцариялық-неміс тіліндегі Tages-Anzeiger басылымының сайтында пайда болған.

 

 

kaz.nur.kz




Көрілген: 487    Пікірлер: 0

жұма, 08.01.2021, 14:00

Достарыңмен бөліс:

  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:
    25 Ақпан, 23:48
    Жер сілкінді

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2021
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    2019
    2020
    2021
    наурыз
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2 3 4 5 6 7
    8 9 10 11 12 13 14
    15 16 17 18 19 20 21
    22 23 24 25 26 27 28
    29 30 31