Шартарап

Имамдар шетелдік телесериалдардың көрсетіліміне тыйым салуды ұсынды

  • https://islam.kz/

    https://islam.kz/

Ташкент қаласының Йүнусабад ауданы мешітінің имамдары теледидар арқылы жергілікті халықтың діні мен діліне қайшы фильмдер мен телесериалдардың ел аумағында көрсетілуіне тосқауыл қоюды ұсынды.

 

Бұл жайында islam.kz порталы өз кезегінде аталмыш хокимият әкімшілігінің баспасөз қызметіне жөн сілтеген centralasia.media ақпарат көзіне сілтеме жасай отырып мәлім етеді.

 

Өзбек имамдары бұл ұсынысты ерлі-зайыптылардың ажырасуының алдын алуға қатысты өткен жиында аудан басшысы Жаһангер Ыбрайыммен кездесуінде білдірген.

 

Сондай-ақ, бұл жиында неке қидырған жас жұбайларды үш айлық курстен өткізу әрі мектеп қабырғасында отбасы құндылығын өз алдына бөлек жеке пән ретінде оқыту мәселелері қозғалды.

 

Өзбекстан аумағында өткен жылы шаңырағы шайқалған отбасылар мен ажырасқан ерлі-зайыптылар көрсеткіші бойынша Ташкент қаласы көш бастаған - 3 899 жұп ажырасып тынған.

 

Өзбекстанда мұндай ұсыныс бірінші рет айтылып тұрған жоқ. Бұрын да өзбектің діни қайраткерлері түрік сериалдарын көрсетуге тыйым салуды мәселе етіп көтерген болатын.

 

Түрік сериалдарының жергілікті халықтың салт-дәстүрі мен мәдениетіне қайшы келгені үшін ғана емес, мұның саяси астары барын да айта кеткен жөн.

 

Билік тізгіні бұрынғы ел мемлекет басшысы Ислам Каримовтың қолында болғанда екі ел арасындағы салқын қатынаспен де байланысты екенін алға тартады сарапшылар. Алайда, Шавкат Мирзеев Түркиямен мейлінше жақындасып, саяси әрі мәдени, сондай-ақ, экономикалық тығыз қарым-қатынас орнатуды көздеп отырғандықтан түрік сериалдарына аталған ел аумағында тыйым салына қоюы екіталай.

 

 

 




Көрілген: 325    Пікірлер: 0

сәрсенбі, 21.04.2021, 13:15

Достарыңмен бөліс:



  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2021
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    2019
    2020
    2021
    маусым
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2 3 4 5 6
    7 8 9 10 11 12 13
    14 15 16 17 18 19 20
    21 22 23 24 25 26 27
    28 29 30