Шартарап

Жаңа жылдан бастап дүкендер мен кітапханаларда орыс тілінде сөйлеуге тыйым салынады

  • Жаңа жылдан бастап дүкендер мен кітапханаларда орыс тілінде сөйлеуге тыйым салынады

    Жаңа жылдан бастап дүкендер мен кітапханаларда орыс тілінде сөйлеуге тыйым салынады

Украинада 2021 жылдың 16 қаңтарынан бастап қызмет көрсету саласы толығымен украин тіліне көшуі тиіс. Клиенттердің өтініші бойынша ғана өзге тілдерде қызмет көрсетуге рұқсат берілмек. Бұл туралы мемлекеттік тілді қорғау жөніндегі уәкілетті өкіл Тарас Кремень мәлімдеді, деп хабарлайды «Интерфакс».

Заң бойынша тауарлар мен қызметтерді ұсынушылардың бәрі тұтынушыларға украин тілінде ақпарат беріп, тек осы тілде қызмет көрсетуі тиіс. Клиенттермен орысша сөйлесуге тыйым салынады. «Супермаркетте, интернет-дүкенде, кафе, банк, дәріхана немесе кітапхана болсын &ndash қызмет украин тілінде көрсетілуі қажет. Тек клиенттің өтініші бойынша оған өзге тілде қызмет көрсетуге жол беріледі», &ndash деді Кремень. Айта кетейік, 2020 жылдың наурызында Украина президенті Владимир Зеленский «Толық орта білім туралы» заңға қол қойған болатын. Құжат бойынша 1 қыркүйектен бастап елдегі барлық орыстілді мектептердің жұмысы тоқтатылды. Орыстілді отбасылардың балаларын 5-сыныптан бастап пәндердің 80 пайызын украин тілінде игеруі тиіс. Орыс тілінде оқыту бағдарламаларын жүргізуге тыйым салынды.
turkystan.kz




Көрілген: 4782    Пікірлер: 0

сәрсенбі, 02.12.2020, 19:53

Достарыңмен бөліс:

  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2021
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    2019
    2020
    2021
    қаңтар
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2 3
    4 5 6 7 8 9 10
    11 12 13 14 15 16 17
    18 19 20 21 22 23 24
    25 26 27 28 29 30 31