Шартарап

Жаңа туған нәрестелерін өлтірді деп айыпталған Youtube-блогер 40 жылға сотталды

  • Фото: Оңтүстік Каролина штаты, Хорри округының полициясы

    Фото: Оңтүстік Каролина штаты, Хорри округының полициясы

Американың Оңтүстік Каролина штатының соты 32 жастағы YouTube-блогер Алисса Энн Дэйволтты 40 жылға абақтыға жапты. Ол екі жаңа туған нәрестенің өлімі бойынша айыпталған деп хабарлайды Life.ru.

 

Тергеу ақпарынша, 2017 жылы келіншек өз үйінде босанып, сәбиін қоқыс жәшігіне тастаған. Бір жылдан кейін ол тағы бір сәбиді дүниеге әкеліп, өз қылмысын қайталаған.

 

Енді Дэйволт екі шақалақтың өліміне кінәлі ретінде танылып отыр.

  

Қылмыстың беті кездейсоқ ашылған. Екінші рет босанғаннан кейін келіншектен қан кетіп, дәрігерлер шақырған. Ал ақ халаттылар әйелге қатысты күдік келтіріп, бірден полицияға хабарласқан.

 

Айта кетейік, Алисса Энн Дэйволт макияж бен косметикаға байланысты блог түсіретін.

 

Ол көз жұмған сәбилерден бөлек, өсіп келе жатқан екі қызын әлеуметтік желідегі видеоларға түсірген.

 

Үкім шыққанан кейін Дэйволт өз балаларынан кешірім сұрады.

 

 

 

kaz.nur.kz




Көрілген: 502    Пікірлер: 0

дүйсенбі, 09.11.2020, 16:23

Достарыңмен бөліс:

  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:
    10 Қаңтар, 18:13
    COVID-19. Әлемдегі жағдай

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2021
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    2019
    2020
    2021
    қаңтар
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2 3
    4 5 6 7 8 9 10
    11 12 13 14 15 16 17
    18 19 20 21 22 23 24
    25 26 27 28 29 30 31