Шартарап

Жаңа туған сәбиден коронавирустың жаңа штамы анықталды

  • Жаңа туған сәбиден коронавирустың жаңа штамы анықталды

    Жаңа туған сәбиден коронавирустың жаңа штамы анықталды

Швед ғалымдары жаңадан туған сәбиден SARS-CoV-2 коронавирусының жаңа мутациясын анықтады. Оның анасынан коронавирус анықталған, - деп хабарлайды РИА Новости. 

Тhe Conversation мәліметінше, аяғы ауыр әйел Мальме ауруханасына іші ауырсына бастағаннан кейін жеткізілген. Баланың жүрек соғысы жылдам болып, оттегі жетіспеген. Әйел кесарь тілігі арқылы босанып, коронавирусқа талдау жасалды. Баладан да, анасынан да коронавирус анықталған. 

 
Мамандар бала коронавирусты туғанға дейін жұқтырғанын анықтаған. Алғашқы талдау анасында да, баласында да вирус бірдей екенін көрсеткен, алайда бірнеше күннен кейін дәрігерлер сәбиде анықталған инфекция популяциясы өзгергенін байқаған. Балада коронавирустың жаңа штамы анықталған.  

Ғалым, акушер-гинеколог Мехрен Зайгамның айтуынша, жаңа штамм бала туғаннан кейін бес күннен соң пайда болған. Зайгам вирус бала қоршаған ортамен байланысқа түскеннен кейін өзгеріске ұшырауы мүмкін екенін айтады.

Баланың анасы вирусты жеңіл өткерген, ол төрт күннен кейін ауруханадан шығарылған. Алайда бала мерзімінен бұрын туғандықтан оған неонатал көмек қажет болған. 

kaz.tengrinews.kz




Көрілген: 354    Пікірлер: 0

сәрсенбі, 03.03.2021, 10:26

Достарыңмен бөліс:

  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2021
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    2019
    2020
    2021
    сәуір
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2 3 4
    5 6 7 8 9 10 11
    12 13 14 15 16 17 18
    19 20 21 22 23 24 25
    26 27 28 29 30